Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жыл қорытындысы. СУРЕТ

Жыл қорытындысы. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Кеше Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде 2018-2019 оқу жылының қорытындысы болып өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

Мектеп бастығының орынбасарлары мен жауапты лауазымды тұлғалар 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға толығымен тоқталып, жеткен жетістіктер мен кемшіл тұстарын да назардан тыс қалдырмады.

Мектептің негізгі мақсаты-сапалы білім мен саналы тәрбие алған отансүйгіш, ұлтжанды тұлға қалыптастыру болғандықтан, аталмыш мектеп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне өткеннен бері тәрбиеленушілердің мамандық таңдауға қатысты көзқарастарының жақсарып келе жатқаны көңіл қуантады. Биылғы жылы мектеп қабырғасынан қолына аттестат алған түлектердің 65,3% еліміздегі жоғары әскери оқу орындарының курсанты атануы мектеп ұжымының ҚР Қорғаныс министрінің алдына қойған тапсырмаларын абыроймен атқарып жатқандығының көрінісі. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 61 % көрсеткен болатын.

WhatsApp Image 2019-10-09 at 14.21.37.jpeg

Әскерлер қызметі, әскери тәртіп, материалды-техникалық қамтамасыз ету, оқу үдерісі жұмыстары жеке-жеке талданып, өздерінің үлгілі тәртібі мен үздік білімдерін көрсеткен рота, взводтарға мақтау грамоталары табысталып, орындар белгіленді.

Оқу жылының қорытындысы бойынша барлық талаптарда жоғары көрсеткіш көрсете білген 1-оқу ротасы «үздік рота» деп танылып, рота командирі майор А. Спиридоновқа ауыспалы вымпел тапсырылды. Ал, «үздік взвод» вымпелі 4-оқу ротасы 1-взводының командирі капитан Р. Биғабатовқа тапсырылды.

WhatsApp Image 2019-10-09 at 14.21.39(1).jpeg

Жыл көлеміндегі еңбегі өз жемісін берген 10 «В» сыныбының сынып жетекшісі У. Рустемова «ұлағатты ұстаз» деп танылды.

Алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізу мақсатында мектеп бастығы ұстаздар қауымы мен жеке құрамға нақты тапсырмалар белгіледі.

WhatsApp Image 2019-10-09 at 14.21.38(1).jpeg

WhatsApp Image 2019-10-09 at 14.21.39.jpeg

Свежие новости