Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жолда қалған әртістер құтқарылды

Жолда қалған әртістер құтқарылды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ақтөбе облысының полицейлері бұзылып қалған автобустың ішіндегі жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды patrul.kz.

Шамамен таңғы сағат 04:00-де «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолының 115-ші шақырымында, дәлірек «Балқы Базар» атты демалыс алыңының маңайында «ГАЗель» маркалы көлік бұзылып қалған. Бұл автокөлік жергілікті «Алақай» атты қуыршақ театрының әртістері мен қызметкерлерін тасымалдаған болаты. Машинаны жөндей алмаған дүргізуші оқиға орнына полиция бөлімшесіне қоңырау шалады.

Шақырылған жерге түнгі кезекшілікте болған учаскелік полиция инспекторы Заманбек Балтабек пен уақытша ұстау изоляторының кезекшісі Дәурен Исмаилов жетеді. Тәртіп сақшылары ауа райының суық болуына байланысты жолда қалған адамдарды Комсомол ауылына жеткізген.

«Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры – ҚР Мәдениет Қайраткері Ә. Құрманалина азаматтық борышын адал атқарған полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады», - деп мәлімдейді Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі.

Свежие новости