Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жергілікті полицейлер кәсіби шеберліктері үшін ризашылық хаттарын алды

Жергілікті полицейлер кәсіби шеберліктері үшін ризашылық хаттарын алды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

CҚО тұрғындары ІІД бастығының полиция генерал-майоры Берік Біләловке тәртіп сақшыларына арналған алғыс хаттарын жіберді, деп хабарлайды patrul.kz.

Мүлікті қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы полиция аға лейтенанты Ерболат Каптаев Петропавл тұрғыны Валентин Каптан келген қылмысты бірден есіне түсере алмады.

Бұл саяжайдағы қаскүнемнің көп мөлшерде электрқұралдарын ұрлау фактісі болған. Қылмыскер күдік тудырмас үшін тек түнгі уақытта жұмыс жасап, ұрланған заттарын такси арқылы іске асырған. Жергілікті тұрғын полицейлерге арыз жазып, жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қаскүнемді бірден тапты. Сондай-ақ, қылмыскер шамамен 10 саяжай үйлердің ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды. Ұрланған заттар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.

Ал Валентина Борисовна өз кезегінде қылмысқа қатысы бар басқа да полицейлерді есіне алды. Олар - Петропавл ІІБ-ның криминалдық полиция капитаны Ойрат Муразалин мен аға тергеуші Жаңагуль Ташмаханова.

Шаруа қожалығын БДТ-агрегатымен қамтамасыз етіп жүрген азамат арнайы құрылғыны түнгі уақытта «поляда» қалдырып жүрген. Бұны байқап, ұрлыққа дайындалған қылмыскер көмекшілерді шақырып, оларды қолдан сатып алдым деп алдаған. Төртеуі арнайы құрылғыны бөлшекке бөліп, алты тоннаға дейінгі тіркемеге салып, Есіл ауданына қарай бағыт алған. Полицейлердің күшімен бұл қылмыстың беті бір тәулік ішінде ашылды. Келтірілген залал 700 мың теңгені құраған.

«Тұрғындар өздерінің хаттарында жоғарыда аталған тәртіп сақшыларын мадақтауды сұрады. Елдің қауіпсіздігі үшін кейде өз өмірлерін қатерге қойып жатқан полицейлердің жұмысы қиын әрі қауіпті. Түрлі оқиғалардың қасында жүретін бұл маман иелері үшін алғыс сөздің өзі де жетістік», - деп мәлімдейді СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Свежие новости