Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шара ойдағыдай өтті. БЕЙНЕЖАЗБА

Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шара ойдағыдай өтті. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы обылысында орналасқан түрмелердің бірінде соғыста қаза тапқандарды еске алды, деп хабарлайды patrul.kz.

Сұрапыл соғыс күндері қаншама бабаларымыз жер үшін, ел үшін қандарын төкті. Дүниежүзілік екінші соғыс - Ұлы отан соғысы. Дәл осы жер үшін күресте жеңіске жеткенімізге биыл 73 жыл толып отыр. Осыған орай, Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандардың ұйымдастыруымен 9 мамыр күніне арналған шағын мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұл жерге келген қонақтар және жазасын өтеп жатқандар керемет бейнекөріністер мен соғыс жылдарындағы әндерді тыңдап, батыларымызды еске алды.

Ал сотталғандар өз кезегінде бабаларымыздың қан майданда ақтық демі қалғанша күресіп жатқандарын көрініс арқылы көремендерге жеткізе алды. Тіпті көзі жараланып, байланған, қара түнекте де фашистермен соғысып жатқандарды да көрсете алды.

1 (1).jpg

Сонымен қатар, аталмыш шара барысында жазасын өтеп жатқандар өз қолдарымен шындыққа сәйкестендірілген макеттерді де дайындаған болатын.

1 (3).jpg

«ЛА-155/8 мекемесінің қабырғасында мекеме әкімшілігіні қолдауымен 9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңіс күніне арналған Қапшағай қалалық соғыс ардагерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді. Аталмыш шараға жыл сайын сотталғандар белсенді түрде қатысып, атсалысады», - дейді сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Рустем Жолаев.

1 (5).jpg

Свежие новости