Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жазатайым жаза басқандармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жазатайым жаза басқандармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жиналысқа жалпы 654 адам қатысты, деп хабарлайды patrul.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімшесінің бастығы Қ. Ж. Қалдыбаев және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Н. Садркуловпен бірге Мойынқұм, Шу, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов Сарысу, Талас, Жуалы, Жамбыл, Байзақ аудандарында аумақтық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар тарапына жасалатын қайта қылмыс фактілерін алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған жиналысқа жергілікті прокуратура, аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің, Жастар ресурстық орталықтарының, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері, АІІБ ЖПҚ қызметкерлерінің қатысуларымен өткізілді. Жалпы қатысқандардың саны 654. Соның ішінде 418 пробация қызметі есебінде тұрғандар. Қалғандары пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың жақын туыстары.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД аумақтық пробация қызметі басшылары 2018 жылдың 10 айында аудандық ПҚ-мен өзге де қызметтермен өзара іс-әрекеттерінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау бойынша, есеп жүргізу, есепте тұрған адамдар арасында қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың жасалуын алдын-алу, жазаны өтеуден жалтарған тұлғаларға бастапқы іздестіру шараларын жүргізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын және тағы басқа өзекті мәселелерін баяндап, сонымен қатар, қылмыстың алдын алуы бойынша сотталғанға әсер етудің бір тәсілі сынақ мерзімін ұзарту және түзеу жұмысын жұмысын, қоғамдық жұмысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығын айыруға ауыстыру, жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыруға сотталудың және шартты түрде сотталудың күшін жою болып табылатынын сотталғандардың назарына жеткізді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ПҚББ бастығы әділет майоры Қ.Ж.Қалдыбаев аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға және олардың жақын туыстарына сотталғандардың жаза өтеу тәртіптері, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заңға мойын ұсынбайтын сотталғандарды ерекше назарға алынатындығын, олармен профилатикалық бағытта күшейтілген жұмыстар атқарылатындығын айтып өтті.

Жергілікті аудандық ІІБ-нің ЖПҚ бастықтары жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен ҚАЖД аумақтық пробация қызметінің инспекторларымен ҚР ІІМ 18.08.2014 жылғы №517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына

бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу» қағидасының талаптарына сәйкес пробация қызметінің есептерінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша бірлескен тексерістер үнемі жүргізіліп жатқандығын, құқық бұзушылыққа бейімді тұлғалар аса назарға алып, олармен қайта қылмыс пен құқық бұзушылық жасамауға профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға және оларға оңды жағынан ықпал ететін туыстарына жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілігі түсіндірілді.

Облыстық ПҚББ бастығы Қ.Ж.Қалдыбаев жиналыс соңында жалпы аумақтық пробация қызметінің жағдайы тұрақты. Айтылғанның бәрін ескере отырып әлі де шешімін таппай жатқан көптеген мәселелер бар. Және де ол мәселелерді Біз, барлығымыз бірге атсалысып шешуге міндеттіміз. Аталғанның бәрін ескере отырып, - пробация қызметінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандармен қайта қылмыс, құқық бұзушылықтарды болдырмау бағытында барлық мемлекеттік қызметтердің маңызы зор және де тек тығыз бірлесіп жұмыс атқарудың нәтижесінде ғана біз үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз.

Свежие новости