Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жазасын өтеп жатқандар кәсіби маман атанады. БЕЙНЕЖАЗБА

Жазасын өтеп жатқандар кәсіби маман атанады. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Оңтүстік астанадағы түрмелердің бірінде колледж ашылды, деп хабарлайды patrul.kz.

Енді сотталғандар арнайы дипломы бар кәсіп иесі атанатын болады. Жылдар бойы тек жазасын өтеп қана қоймай, бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті, нарыққа қажет мамандық алуға мүмкіндік туып отыр. Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан ЛА-155/12 мекемесінде сотталғандарды оқытатын колледждің ашылу салтанаты өтті. Колледж тұсауын мекеме бастығы Алексей Орищенко мен колледж директоры Нұрдулла Қорғанбаев мырзалар кесті.

Үш айлық оқыту бағдарламасына барлығы 80-нен астам жазасын өтеп жатқандар өз еріктерімен жазылып, күнделікті сабақ оқуды бастап кеткен. Тек үш ай емес, болашақта толық іске қосылатын оқу орнының алты сыныбы құрал-жабдықтармен қамтылып, екі шеберхана бөлмесі іске қосылды.

1й (2).jpg

«Біздің көпсалалы колледж қаңтардың үшінен бастап жұмысын бастады. ЛА-155/12 түзеу мекемесіндегі ашылып жатқан колледж - көпсалалы. Оқу орны уақытша қысқа мерзімді үш айлық курспен бастау алды. Қазіргі таңда 80 оқушымыз бар. Тігін ісі және ағаш ұстасы мамандары даярланады. Оқуға қабылдау рәсімі – сотталғандардың өз еркімен орын алды. Білім беріп жатқан мұғалімдер саны – жеті. Келесі оқу жылынан бастап он айлық курстар ашылады», - деді көпсалалы колледж директоры Нұрдулла Қорғанбаев.

1й (3).jpg

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» демекші, түзеу мекемесінен дипломмен бостандыққа шығатын азаматтарға берілген мүмкіндік Алматы облысының қылмыстық- атқару жүйесі Департаменті мен облыс әкімдігі өкілдерінің ұйымдастырылуымен жүзеге асырылуда.

1й (4).jpg

«Колледждің ашылуы негізінен сотталғандарды жазасын өтеп бостандыққа шыққан соң оларға арнайы құжаттар беріледі. Сотталғандар таңғы сағат 9:00-ден түскі 13:00 дейін білім алады, жетілдіреді. Мұғалімдер Алматы облысының білім басқармасынан жіберілген. Бұл оқу орны ашылуының түпкі мақсаты - сотталғандар бостандыққа шыққаннан соң арнайы мамандық иесі болу, жұмыс істеу», - деді ЛА-155/12 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдын Нұрбеков.

Ал ішкі істер органдарының қызметкерлері сотталғандардың қоғамнан тыс қалмауына, толыққанды өмірге қайта оралуларына және болашаққа деген сенімдерін арттыруға барынша өз үлестерін қосуда.

1й (5).jpg

1й (6).jpg

Свежие новости