Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жастар - оң үдерістердің жетекші күші

Жастар - оң үдерістердің жетекші күші

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жастар мемлекеттік қызметке тағайындалуда, деп хабарлайды patrul.kz.

Бүгінде Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік қызметшілердің төрттен бір бөлігін жастар құрайды. Олар мемлекеттік басқарудың әр саласында біліктіліктеріне сай қызмет етуде. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтің сапалық құрамындағы жас мамандар үлесінің тұрақтылығы мемлекеттік аппараттағы кадрлар сабақтастығын көрсетеді.

Елбасының Жастар жылын жариялаған сәттен бастап республика бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке жалпы конкурстардың нәтижесінде 44,6% азаматтар тағайындалған. Мемлекеттік органның қызметшілері арасында өткізілген ішкі конкурстардың нәтижесінде жоғары тұрған лауазымға тағайындалғандардың 35%-ы, барлық мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында өткізілген ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша тағайындалғандардың 61%-ы жастар.

Бүгінгі күні облыс бойынша басшы лауазымдарда қызмет атқарып отырған жастар да бар. Олар аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, селолық округтің әкімі, олардың орынбасарлары, аудандық, қалалық атқарушы мемлекеттік органдардың басшысы, құрылымдық бөлімше басшысы лауазымдарында жұмыс істеуде.

Жас мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы да жылдан жылға арта түсуде. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен жас мемлекеттік қызметшілердің саны екі есеге өскен. Бұл жастардың оқуға, білімге деген құштарлығының артқандығы мен ертеңіне деген сенімін көрсетеді. Облыста мемлекеттік қызметшілердің 15%-ы екі не одан көп жоғары білімдері барлар. Соның ішінде 106 магистр мен 105 шет елдік жоғары білімді мамандар қызмет етеді.

Жастар жылы аясында олар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Департаменттің ұйымдастыруымен өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінде халыққа қызмет көрсететін студенттік орталықтар, өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov» бұрыштары жұмыс істеуде. Сонымен қоса, студенттер үшін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Жыл басынан бері мұнда 5 мыңнан астам студент жастарға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұдан басқа да жастардың қатысуымен әртүрлі форматтағы іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Президенттік жастар кадр резервін жасақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесінде білімді, бастамашыл, талантты, жаңашылдыққа бейім, адал, жаңа форматтағы болашақ басшылар құрамы жасақталмақ. Қоғамның дамуын ілгерілететін жетекші күш жастар екендігі белгілі. Сондықтан қоғам жастарға үлкен үміт артады және олардың халықтың үмітін ақтайтындығына сенеді», - дейді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Берген Беспалинов.

Свежие новости