Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жасөспірімдермен тіл табыса алған маман

Жасөспірімдермен тіл табыса алған маман

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ақтөбе қалалық ІІБ ЖПҚ Заречный ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Алтын Жармаханова жасөпірімдерге сенім арту маңызды деп санайды, деп хабарлайды patrul.kz.

Алтын полиция қатарына 2005 жылы келген. Алғашында ол кезекші инспектор болып, кейін ақпараттық техникалық қызметте жұмысын жалғастырды. Сосын кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі бөліміне ауысты.

IMG_8310.JPG

Ол енді күнделікті балалардың сан түрлі тағдырына куәгер болады. Басына қиындық туған отбасыларға нәзік жанды полиция капитаны барынша көмек көрсетуге тырысып бағуда.

«Жолдасына айырылысқан жас ана күйзеліске түсіп, ішімдікке салынып, балаларына дұрыс қараудан қалған. Маған бір күні қаладағы көп қабатты үйлердің алтыншы қабатында терезе алдында үш жастағы сәби отыр деген ақпарат түсті. Дереу келсек, анасы ішімдікке сылқия тойып алған, түк сезбестен ұйықтап жатыр. Ал бала терезе алдына шығып, тамақ жеп отырған. Осыны көрген тұрғындар ЖПҚ хабарласқан. Содан соң біз баланы оқшаулау орталығына алып кеттік. Анасы мас күйінен айыққан соң келді. Ананы біраз жыл бақылауға алдық. Уақыт өте келе, арағынан айығуға уәде берді. Алайда, оны дұрыс жолға салу оңай болмады»,- деді Ақтөбе облысы ІІД ЖПҚ ЮП инспекторы Алтын Жармаханова.

Ювеналды полиция қызметкерлері мектептермен тығыз жұмыс жасайды. Әсіресе ата-анасы жоқ немесе жартылай жетім қалған балаларға дер кезінде қол ұшын беру тәртіп сақшыларының басты жұмысы.

Алтын болса 12 жылдан бері ішкі істер саласында жемісті еңбек етіп келеді. Екі бала тәрбиелеп отырған ана - бала жанына жол таба білген өз ісінің білгір маманы.

Свежие новости