Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жас жігіт ғашығымен кездесу үшін біреудің машинасын айдап кеткен

Жас жігіт ғашығымен кездесу үшін біреудің машинасын айдап кеткен

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Үштөбе қаласының полициясына 64 жасар жергілікті тұрғын шағымданды. Ол өзінің гаражының ішінен белгісіз біреудің Volkswagen Jetta автомобилін айдап кеткенін хабарлады, деп жеткізеді patrul.kz.

Ұрланған көлікті тәртіп сақшылары бірнеше сағаттан кейін Талдықорған қаласынан тапқан.

«Көлік ұрлаушы жәбірленушінің 22 жастағы көршісі боп шықты. Ол бұл қылығына түсініктеме бергенде, көршісінің машинасын Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін облыстық орталықта тұратын қалындығына барып қайту үшін айдап кеткенін айтты. Ол көлікті гараждан итеріп шығарғаннан кейін, селқос көлік иесімен тұтандыру тетігінде қалдырылып кеткен кілтпен оталдырған», - деп әңгімеледі полициядағылар.

Іздеу салынған шетелдік көлік Талдықорғанға кіреберісте тұрған. Күдікті оның мемлекеттік нөмерлерін шешіп алып, айналма жолдың маңындағы жағармай құю станциясының қасында қалдырып кеткен де, ғашығына беттеген.

Көлік ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК-інің 200-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ұсталған азаматқа «келуге міндетті» бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Қазақстандағы қылмыстық заңнамаға сәйкес жоғарыдағы қылмыс үшін айыпталушыға 1000 АЕК-не дейін (2 405 000 теңге) айыппұл төлеу, түзету жұмыстарын өтеу, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге дейін одан айыру жазалары қолданылады», - деп баяндады облыстық ІІД-інің баспасөз қызметі.

Свежие новости