Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жас инспекторлар көлік жүргізушілеріне «Сәтті сапар!» тіледі. БЕЙНЕЖАЗБА

Жас инспекторлар көлік жүргізушілеріне «Сәтті сапар!» тіледі. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметкерлері 30 күн аралығында «Қауіпсіз жол» атты кең ауқымды акциясын өткізді, деп хабарлайды patrul.kz.

Ұйымдастырылған іс-шара Қарағанды қаласында орналасқан «Рубеж» бекетінен бастау алып, Балқаш қаласына қарай жалғасты.

Қойылған тапсырмаларды жас жол инспекторлар отряды, республикалық слеттің жеңімпаздары жақсы орындап шықты. Оқушылар көлік жүргізушілеріне ЖҚЕ тақырыбына буклеттер мен брошюраларды табыс етті, сонымен қатар жолда сәттілік тілеп, ЖҚЕ сақтаудың өзектілігі туралы тағы да еске салды!

«Біздің ауданда ЖЖЕ туралы акция өтуде. Біз бұл шараға өз үлесімізді қосудамыз. Жол ережелерін білу өте маңызды. Барлық жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге айтарым, жол жүру ержелерін сақтап жүріңіздер!», - деді Ы.Алтынсарин ат. орта мектебі 9 сынып оқушысы Мерей Советова.

1 (4).jpg

Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың 8 айында Қарағанды облысының аумағында 328 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 101 адам қаза тауып, оның 14-і кемелет жасқа толмағандар екендігі анықталды.

Көптеген оқиғалар жеңіл көлік жүргізушілерінің кінәсінен тіркелген. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдық режимін арттыру, маневр жасау ережелерін бұзу, басып озу ережелерін бұзу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу болып табылады.

1 (5).jpg

Барлығы облыс аумағында апаттылықты тұрақтандыру үшін 12 мақсатты профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізілді.

«Қарағанды облысы ІІД үлкен шара ұйымдастырылуда. Бұл жолдардан республикалық маңызы бар жолдар өтеді. Кейінгі жылдары халықтың әл-ауқаты көтеріліп, демалыс күндері жаз бойы демалысқа ағылуда. Жол қозғалысына қатысушылар саны көп. Келер жылы күрер жол жөнделеді деген үміттеміз, үлкен жұмыстар атқырылып жатыр. Бұндай шаралар ешқашан артық болмайды. Жергілікті ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз», - дейді Шет ауданы әкімінің орынбасары Максат Жумкин.

1 (7).jpg

Шараның мақсаты - көлік жүргізушілердің аталмыш жол учаскесінде жол қауіпсіздік ережелерін сақтауына назарын аудару және оның мүлтіксіз сақталуын насихаттауға бағытталған. Аталмыш акцияда жол полициясының жас инспекторлары белсенділік танытты.

«Қарағанды облысының ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйек аралығында аудан аумағында «Қауіпсіз жол» акциясын өткізді. Акция аясында автожарыс жүзеге асырылды. Аталған автошерудің мақсаты қазіргі уақытта жиі орын алған жол-көлік оқиғаларын болдырмау. Сондай-ақ, біз жүргізушілердің ЖҚЕ сақтауды естеріне салдық. Аталған акция трассалық медициналық құтқару пункттерінің және жол жас инспекторларының қатысуымен жүргізілді. Шара Қарағанды қаласы, Абай және Шет аудандары бойынша өткізілді», - деді Қарағанды облысы ІІД ЖПБ жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы Абай Завотбаев.

1 (8).jpg

Тәртіп сақшылары барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Жол қозғалысы ережесін өрескел елемеу Сіздің өміріңізге және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.

1 (9).jpg

Свежие новости