Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жанжал нәтижесінде ер азамат ауруханаға жеткізілді

Жанжал нәтижесінде ер азамат ауруханаға жеткізілді

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Сарыағаш АІІБ-ның полиция бөліміне жергілікті ауруханаға дене жарақатымен ер азаматтың жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды patrul.kz.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аудандық моншалардың бірінде жарақат алған азаматтың Қызылорда облысының тумасы екендігін білген.

Тергеу барысында анқталғандай 50-жастағы ер азамат пен монша қызметкерінің арасында жанжал туған. Айта кетсек, монша қызметкерін көмектесуге оның үш ұлы келіп, 50-жасар еркекті ұрып, 170 мың теңгесін алып алған.

«Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 38, 36 және 26-жасар жерглікті тұрғындар күдікті ретінде ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, тонау жайты бойынша айыптау актісі сотқа жолданды», - деп мәлімдейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Свежие новости