Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жалғыз басты ана тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. БЕЙНЕЖАЗБА

Жалғыз басты ана тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы қ. Бостандық ауданының ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері жалғыз басты ананың үйіне барып көмек көрсетіп қайтты, деп хабарлайды patrul.kz.

Бүгінде Нұрбалы Сұлтанбекова Алматы қаласы, Шахтерская көшесінде пәтер жалдап тұруда. 37 жастағы азаматша Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Анықталғандай, әйелдің отау құрған жұбайы 2012 жылы қаза тапқан. Кәмілетке толмаған үш баланы бірдей асырап отырған ана бір бөлмелі пәтерде қысылып-қымтырылып күн көріп жатыр. Бұл отбасының қазіргі жағдайы тым нашар. Соған қарамастан балалар қалалық мектептердің бірінде білім алуда.

Аталған мәселеге байланысты, Бостандық ауданының ювеналды полиция қызметкерлері жалғыз басты әйелге азық-түлікпен көмек жасады. Олар шәй, ұн, ет, шұжық, жеміс-жидектер сияқты күнделікті қажетке керек заттарды алып берді. Айта кетсек, бұл Бостандық ауданы ювеналды полиция қызметкерлерінің жалғыз басты анаға көрсеткен бірінші көмегі емес.

1 (5).jpg

Үш баланың анасы тәртіп сақшыларына жасаған көмектері үшін алғысын білдіріп, қуанышымен бөлісті. Сонымен қатар, бұл үйге мектеп директоры да келіп, отбасыны қолдады.

Автор: Шапағат Қуатбекова

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (3).jpg

1 (4).jpg

1 (6).jpg

1 (7).jpg

1 (8).jpg

1 (9).jpg

1 (10).jpg

1 (11).jpg

1 (13).jpg

1 (14).jpg

Свежие новости