Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жайдарлы «Жас ұлан». СУРЕТ

Жайдарлы «Жас ұлан». СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жасұландықтар сахнада өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды patrul.kz.

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері арасында КТК сайысы өтті. «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған шараға оқу роталарының тәрбиеленушілерінен құралған 4 топ қатысып, өзара бақ сынасты. Тәрбиеленушілер әскери өмір, елдегі жалпы ахуалдар, Қазақстандағы футбол спортының жағдайы, тағы да басқа түрлі тақырыптардағы әзілдермен көрермендерді күлдірді.

WhatsApp Image 2019-11-05 at 09.55.38(2).jpeg

Топтар «Сәлемдесу», «5 жаңалық», «Көрініс» атты 3 кезең бойынша сайысқа түсті. Барлығы 4 топ қатысқан ойында 4-оқу ротасының «Генералдар» тобы жеңімпаз атанды. Өздерінің өткір ойлары мен керемет қалжыңдары көпшілікті тәнті еткен «Генералдар» бір ауыздан үздік деп танылып, сайыстың гран-приін жеңіп алды. 3-оқу ротасының «Ұлы дала ұландары» тобы өздерінің осал емесін дәлелдеп І орынды иеленсе, ІІ орынды 1-оқу ротасының «Ауылдан қашқандар» тобы алды, ал 2-оқу ротасының «Арландар» тобы жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

WhatsApp Image 2019-11-05 at 09.55.38(1).jpeg

«...Әскери мектепте білім алып жүрген жас ұландарды шығармашылыққа, өнерге баулитын мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұруы тиіс. Тәрбиеленушілеріміздің сахна төрінде де өздерін жақсы көрсете алатынын дәлелдеу үшін КТК сайысын ұйымдастырғанды жөн көрдік. Мұндай іс-шаралар ұландардың түрлі қабілеттерінің ашылуына ықпалын тигізетіні анық. Болашақта мұндай шаралар әлі де ұйымдастырылып тұрады», - деді тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі мектеп бастығының орынбасары Ержан Құлжанов.

WhatsApp Image 2019-11-05 at 09.55.38.jpeg

Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған көңілді тапқырлар сайысына қатысқан тәрбиеленушілердің барлығы да әзілді түсінетін, күлкіні сүйетін жастар болды.

WhatsApp Image 2019-11-05 at 09.55.37.jpeg

Свежие новости