Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жаңа жолдау - жаңа серпін берді!

Жаңа жолдау - жаңа серпін берді!

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауын Құрлық әскерлерінің Әскери институтының жеке құрамы да аса қызығушылықпен қабылдады, деп хабарлайды patrul.kz.

Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосуға бағытталған Президент - Жоғарғы Бас қолбасшы бекіткен «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы ел сенген әскери қызметшілерден білім мен кәсіби біліктілікті талап етіп отыр.

Кез келген мемлекет әскерімен айбынды. Азат еліміздің құрыш-қуатына айналған айбынды әскердің абыройын арқалаған болашақ генералдарды оқытатын бірегей білім ошағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып табылады.

Институттың бас міндеті - құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау.

Қазақстан армиясы үшін сардарларды даярлайтын негізігі ұстаханаға айналған осынау білім ошағына білікті де, білімді болашақ офицерлер оқытылуда.

Елу жылға жуық тарихы бар білім ордасы 12 мыңнан астам білікті офицер кадрларын даярлап, әскер сапына қосты. Осы оқу орнын бітірген сардарлардың ішінен 75-тен астам генералдардың шығуы институт мақтанышы болып табылады.

Құрлық әскерлері Әскери институты өз межесінде Отан қорғаушыларды әрдайым қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытымен тәрбиелеп, оқытады. Ел өміріндегі ерекше мазмұнға ие бұл жолғы Жолдауды әскери институт басқармасы, профессорлық-оқытушылық құрам айрықша ынта-ықыласпен тыңдап, келешектің кәсіби әрі білімді офицерлеріне соңғы үлгідегі заманға сай технологиялық құралдармен сабақ беруде. Бұл ретте инновациялық әдістер талданып, сараптамадан өткізіліп, солардың ішіндегі жоғарғы талаптағы әдістемелік түрлері қолдануда. Офицерлер мен курсанттар білім деңгейін арттыру әрі әдістемелік тәжірибе алмасу

мақсатында институт бағдарламасымен өзге елдердің Қарулы Күштерінде болып, қосымша білім алуда.

«Егеменді еліміздің болашақ жастарын, әсіресе болашақ Отан қорғаушы азаматтарымыздың заманауи білімі мен тәрбиесін дамыту, жаһандануға бейім болуын қалыптастыру біздің басты міндетіміз», - дейді Құрлық әскерлерінің Әскери институтының бастығы Құрбан Қаражанов.

Свежие новости