Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жұқа мұз – жасырын қауіп! СУРЕТ

Жұқа мұз – жасырын қауіп! СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Мұз астынан балық аулауға қызығатын жандарға абай болу қажет, деп хабарлайды patrul.kz.

Алматы облысы Қаратал ауданы Қарақұм ауылы маңында балық аулау кезінде мұздың астына ВАЗ-2106 автокөлігімен ер адам түсіп кеткен. Келесі күні таңертең Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен балықшыны іздестіру жұмыстары басталды. Іздеуге барлығы төрт құтқарушы және үш полиция қызметкері жұмылдырылған.

Үш күннен соң сағат 12:00 шамасында Балқаш көлінде жоғалып кеткен адамның денесі табылып, судан шығарылды.

4106a2d7-578b-470d-b11a-ea3b2570e376.JPG

«Балықшының қауіпсіздік ережелерін ескермеуі қайғылы жағдайға алып келді. Автокөліктің мұздың үстімен жүріп өту үшін, мұздың қауіпсіз қалындығы 30 сантиметрден кем болмауы қажет. Ал аталған оқиғада мұздың қалыңдығы 25-27 сантиметр болған, сонымен қатар көліктегі адамның құтқару жилеті болмаған», - деп мәлімдейді Алматы облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Г. Әбілқасымова.

PHOTO-2018-12-23-20-08-44.jpg

Келеңсіз оқиғалардан сақтану үшін, мұзда абай болу керек, қарапайым, әрі міндетті кеңестерді қатаң орындау қажет:

  • қауіпсіз мұздың қалыңдығы – бір адамға 10 см кем емес.

  • өткелдерден өту үшін мұздың қалыңдығы – 15 см және жоғары.

  • автокөлікпен өту үшін мұздың қалыңдығы – 30 см кем емес.

PHOTO-2018-12-23-20-13-17.jpg

Мұздың қалыңдығы 10 см-ге жеткенде ғана балық аулауға болады, егер де жаңбыр жауып, қысқа мерзімді жылымық кезеңі басталса, ондайда мұз қауіпті болуы мүмкін. Қар астындағы үлкен сызаттардан абай болу керек, бір-біріне жақын жерде бірнеше ойық жасауға кеңес бермейміз – ол мұзды осалдатады.

PHOTO-2018-12-23-20-13-19.jpg

«Егер де апат жағадан алыс емес жерде орын алса және зардап шегуші белсенді қозғалысқа кабілетті болса, оған арқан, шарф, ұзын таяқ, тақтай, басқыш және қолда бар құткару құралдарын беру керек. Зардап шегушіні мұзды судан алып шыққаннан кейін, дереу жылыту қажет, жылы орынға жеткізіп, қажет болса «Жедел жәрдем» шақыру қажет.

Абай болыңыздар! Мұз астынан балық аулау кезінде кауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар!», - деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Свежие новости