Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, алматылық полицей әйелді өрттен құтқарып алды

Өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, алматылық полицей әйелді өрттен құтқарып алды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Полиция майоры қарама-қарсы ғимараттың терезелерінің бірінен көк түтін шығып жатқанын көріп, әйелді құтқарып алу үшін отқа кіріп кетті, деп жеткізеді patrul.kz.

Бостандық ауданының «Қазақфильм» ықшам ауданында №3-ші бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында өрт болды.

Полиция қызметкері, майор Аимбетов, кезекшілікке түсіп, міндеттеріне кірісіп кеткенде, қарама-қарсы үйдің терезесінен түтін шығып жатқанын көріп қалды.

Оның еш қорғану құралы жоқ болса да, ол жанып жатқан үйге қарай бас салды. Сөйтіп, өз өміріне қауіпті болғанына қарамастан, пәтер ішінде қалған әйелді сыртқа шығарып алды.

Бұл кездейсоқ жағдайда полиция майоры шұғыл және нақты әрекет жасады. Соның арқасында адам өмірін сақтап қалды.

2 (9).JPG

«Алматы қ. ТЖ Департаментінің бастығы өрт сөндіру қызметінің генерал-майоры С. Г. Әубакіров Алматы қ. Бостандық ауданының ІІБ-сының №47-бекініс пунктінің учаскелік инспекторы полиция майоры Дархан Аимбетовты адам өмірін құтқарып қалғаны үшін салтанатты түрде «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапаттады», - деп мәлімдеді Алматы қ. ТЖД-інің баспасөз қызметі.

Бұл оқиға - құқық қорғау органдарында, көп жағдайларда өз өмірлеріне де қауіп төніп тұрғанына қарамастан,көмекке асығатын адал әрі қайырымды жандардың қызмет ететінің тағы да бір дәлелі.

Свежие новости