Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Қызылордалық ҚАЖ қызметкерлері Елбасы Жолдауымен танысты. СУРЕТ

Қызылордалық ҚАЖ қызметкерлері Елбасы Жолдауымен танысты. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Кездесуде Ж. Әбдіқайыров Н.Ә. Назарбаев Жолдауының басым бағыттары мен өзекті мәселеріне тоқталды, деп хабарлайды patrul.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Ж. Әбдіқайыров пен заң тобының бас маманы Б.Әбдиев Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауын департаментке қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/5 мекемелерінің жеке құрам қызметкерлеріне насихаттады.

S1070007.JPG

Жолдауда ішкі істер саласының қызметін жетілдіруге байланысты кешенді тапсырмалар мен құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі өзгертуді ұсынылғанын және мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысына терең әрі сапалы өзгерістер қажеттігін нақты айтып, көптеген міндеттер жүктегендігін тарқата айтты.

S1070010.JPG

«Қазақстан халқы жақсы, әрі жайлы өмір сүруі үшін оларға қауіпсіздік қажет, сол себепті Елбасы «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырды. Полиция қызметкерлерінің жаңа стандарттарын бекітіп, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту қажет. Қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады», - деп жеке құрамның назарына ҚАЖД заң тобының бас маманы Б. Әбдиев жеткізді.

S1070017.JPG

S1070020.JPG

Свежие новости