Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Қызылорда полиция Департаментіне жаңа басшы тағайындалды. СУРЕТ

Қызылорда полиция Департаментіне жаңа басшы тағайындалды. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Облыстық полиция қызметкерлері Бектөре Жеңісбайұлымен танысты, деп хабарлайды patrul.kz.

Қызылорда облысы полиция Департаментінің бастығы болған полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров жаңа жұмыс орнына тағайындалды. Енді ол ҚР Ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқаратын болады. Ал полиция полковнигі Бектөре Сұлтан болса, Қызылорда облысының полиция Департаменті бастығының орнына жайғасты.

Департамент басшысы Бектөре Жеңісбайұлы қызметіне кіріскен күнің ертеңінде-ақ Ардагерлер Кеңесінің жиынына қатысып, қариялардың батасын алған болатын.

Сондай-ақ, жаңадан тағайындалған ПД бастығы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай, Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы Сағидулла Ерланмен бірге Тереңөзек кентінде тұратын 95 жастағы ҰОС ардагерінің отбасына барып, ақсақалдың жағдайын білді.

IMG_5500.jpg

Басшылар, кезінде қылмыскер қолынан қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың отбасына да ат басын тіреді. Марқұмның әкесі Есентай аға мен анасы Шынар апай сақшы сардарларын шынайы ілтипатпен қарсы алып, өмірден ерте өткен ұлының батырлығы мен батылдығы жайлы тебірене еске алды...

«Қыр-сыры көп, әрі қиын қызметте жүрсе де уақыт тауып ақсақалдың жағдайын біліп, қызмет бабында қыршын кеткен азаматтың рухына бас ию Бектөре секілді білімді де білікті азаматтардың ғана қолынан келсе керек. Өнегелі істің өрісі кең екені, бабалар салты бұзылмай, болашақта онан әрі жалғаса беретіні осындай имандылық пен ізгілік істерден-ақ белгілі», - дейді Қызылорда облысы полиция Департаменті Ардагерлер Кеңесінің мүшесі, ішкі істер органдарының ардагері, журналист Қазыбек Әшірбекұлы.

Свежие новости