Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері еркін түрде қан тапсырды

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері еркін түрде қан тапсырды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Талдықорған гарнизонында 100-ге жуық әскери қызметші «Мен – донормын!» акциясы шеңберінде Алматы облысының қан құю орталығының тұрақты донорлары атанды, деп мәлімдейді patrul.kz.

Ем-шара алдында әрбір донор қан тобын анықтау бойынша алдын ала зертханалық тексеруден, сондай-ақ ықтимал қарсы көрсетілімдерді түсіндіру үшін дәрігерлермен әңгімелесуден өтті.

2.JPG

«Адамдар көмекке мұқтаж барша жандарға қолұшын созуы тиіс. Статистика бойынша әрбір үшінші адам өмірінде қан ауыстыруға зәру болады. Біз бүгін 450 миллилитр қанымызды бердік және қанымыз көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалады деген үміттеміз», - деді әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Серік Сарабозов.

Қазіргі уақытта ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері осындай іс-шараларға белсене атсалысады және Қазақстандағы донорлықты дамыту ісіне өз үлестерін қосып келеді. Жыл сайын ҚР ҚК-нің 7000-ға жуық әскери қызметшісі еркін түрде ақысыз негізде қан тапсырады.

3.JPG

Свежие новости