Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Тұңғыш Президент мерекесіне орай 233 жауынгер марапатталды

Тұңғыш Президент мерекесіне орай 233 жауынгер марапатталды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

IMG_1010.JPG

Іс-шарада ІІМ-і мен ҰҰ Бас қолбасшысының үздік қызметшілерді марапаттау туралы бұйрықтары аталды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін барлығы 233 әскерлер мен ардагерлер марапатқа ие болды. Сонымен қатар, жеке құрам назарына Тұңғыш Президенттің өткен өмір жолы мен тәуелсіз елді құрудағы рөлі бейнежазба арқылы әспеттелді.

IMG_0962.JPG

Бұдан соң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес «Елбасы сабағы» атты дәріс өтті.

«Әскерге рух беруші офицерлер Отан күзетіп жүрген жауынгерлерге, жалпы әскери ұжымның әр мүшесіне ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы саясатының арқасында еліміздің жеткен барша жетістіктері жайлы тәрбие сағаты өткізілді», - деді ҰҰ Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұхаметқали Сатов.

IMG_0950.JPG

Салтанатты жиын барша жеке құрамның орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.

IMG_0989.JPG

Свежие новости