Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Түркістандық полицейлер қылмыстық топты ұстады

Түркістандық полицейлер қылмыстық топты ұстады

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Түркістан облысы ІІД КПБ қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғындарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды patrul.kz.

Ұсталғандар бұрын-соңды сотты болған Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Сонымен қатар заң бұзушылар қарақшылық шабуылдың 3 жайтына қатысы бары белгілі болды.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың сәуір айында Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол қағазға көршісінің үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы жазған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары беттеріне бетперде киген белгісіз азаматтардың үй иесін атыс қаруымен қорқытып, оның жарты миллион теңгеден астам ақшасын алып кеткенін анықтаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Қарақшылық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді.

1 (85).jpg

Қылмыстық топ Қазығұрт ауданындағы тұрғынның үйіне қарақшылық шабуылын жасаған. 25 қыркүйектің түнінде күдіктілер жәбірленушінің үйіне кіріп, суық қарумен қорқытып, үй иесін және отбасы мүшелерін байлап қойып, ақша талап еткен. Жақындарының өміріне қорыққан үй иесі ақшасын, алтын бұйымдары мен басқа да бағалы заттарын бере салған.

Сондай-ақ, қазан айының басында Түлкібас ауданындағы тұрғынның бірінің үйіне қылмыстық топ кіріп келіп, қарумен қорқытып, ақшасын алып кетпек болған. Үй иесі шу шығарып, көршілерін көмекке шақырып, қылмыскерлерге қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде шудан қорыққан күдіктілер ешнарсе ала алмай қашып кеткен. Оқиға орнында шолақ мылтық қалдырған.

«Қарақшылық шабуылды ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерден құралған жедел-тергеу тобы жинақталды. Бірнеше ай көлемінде жедел ізкесушілер күдіктілердің түр-тұлғасын анықтап, оларды ұстау бойынша жоспар құрды. Түркістан облыстық ІІД КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлерден қылмыстық топтың негізгі ұйымдастырушысы анықталып, ұсталды. Топтың басқа да мүшелері бұрын-соңды сотты болғаны анықталды. Қылмыскерлерден тегіс ұңғылы мылтық, тапанша, 16 калибрлі шолақ мылтық пен басқа да айғақты заттар тәркіленіп алынды», - деді Түркістан облысы ІІД КПБ бастығының орынбасары Аман Бұрханов.

шщгшщгщ.JPG

Аталған жайттар бойынша Түркістан облысы ІІД тергеушілерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау абақтысында. Полицейлер ұсталғандардың басқа да ауыр қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Свежие новости