Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Тіл – әскердің айбынды тірегі. СУРЕТ

Тіл – әскердің айбынды тірегі. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Тіл мерекесін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері атап өтуде, деп хабарлайды patrul.kz.

Бүгіндері мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейту әрбір қазақстандық азаматтың, соның ішінде әскер тектері әскери қызметшілерінің де міндетті борышы. Осыған орай еліміздің Ұлттық ұлан әскерінде де мемлекеттік тілді дамыту, жаңа әліпби негізінде оны оқып-үйренуге жағдай туғызу ерекше назарға алынған. Бұл тұрғыда Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бастамасымен ағымдағы жылдың сәуір айында Нұрсұлтан қаласында Ұлттық ұландағы мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандармен үлкен оқу-әдістемелік жиыны өтті. Жиын барысында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми орталығының әдіскерлері Ұлттық ұландық тіл мамандарын қазақ тілін жаңа әліпби негізінде таныстырып, өзара тәжірибелерімен алмасты және сертификаттар табыстады.

20190627_144936.jpg

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде де қыруар жұмыстар атқарылуда. Құжаттар мен іс-қағаздарды жүргізуде, пәрмендерді беруде мемлекеттік тілге басымдық беріліп келеді. Онымен қоса осы жылдың мамыр айында әскери бөлімдерде өзге ұлт әскери қызметшілерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайысының 1-кезеңі, маусым айында өңірлік қолбасшылықта байқау-сайыстың 2-кезеңі ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтарлығы, сайысқа қатысушы өзге ұлт әскери қызметшілері өздерін биыл ерекше қырларынан көрсетіп, мол дайындықпен келгендіктерін дәлелдеді. Жеңімпаздар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

FB_IMG_1537461252104.jpg

Биылғы жылы өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінде мемлекеттік тілді кириллицадан латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру жолында да қыруар жұмыстар атқаруда. Әскери бөлімдердегі мемлекеттік рәміздер, қызметтер атаулары, көрнекі насихат құралдары біртіндеп латын графикасына ауыстырылуда.

FB_IMG_1537461267249.jpg

Ал қыркүйек айында Ұлттық ұлан әскерінде Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясы бастау алды. Осыған орай әскери бөлімдерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әскери бөлімнің бөліністерінде Тіл мерекесіне қатысты қабырға баспалары жасалып ілінді. Онымен қоса өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің тіл мамандары жергілікті қалалардағы түрлі ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды.

IMG_6284.JPG

«Ендігі тарихи мақсат - бабаларымыз аманаттап кеткен ана тілін шынайы күйінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Өйткені киелі ұлтымызды ыдыратпай, талай тарихи тағдырдың алдында басын имеген мемлекеттік тіл – қазақ тілі қашан да елдігіміздің, бірлігіміздің, басты байлығымыз – ұлы Тәуелсіздігімізді қорғау жолында ұлтымыздың, һәм айбынды әскеріміздің тегеурінді тетігі болуы тиіс!», - дейді 28237 әскери бөлімі тәрбие бөлімінің офицері Айдос Байғашаров.

IMG-20190403-WA0039.jpg

Свежие новости