Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Тергеуші Олеся Әбдуәлиева: адал еңбек ету - басты мақсатым

Тергеуші Олеся Әбдуәлиева: адал еңбек ету - басты мақсатым

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ақтөбе қалалық ІІБ Заречный полиция бөлімінің тергеушісі, полиция майоры Олеся Әбдуәлиева жұмыс көрсеткіштерінің нәтижесі бойынша облыс көлемінде екінші орында, деп мәлімдейді patrul.kz.

Олеся Әбдуәлиева ішкі істер саласындағы еңбек жолын оқу орнын бітірсімен 2009 жылы Сазды полиция бөлімінде тергеуші болып бастаған. Ол кезінде Қазақ гуманитарлық заң академиясының Ақтөбе филиалын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қызметін алғаш бастағанда оған аға буын өкілдері тәлімгерлік көрсеткен. Бүгінде 9 жылға таяу уақыт ішінде қызметтік сатылардан өтіп, мол тәжірибе жинақтаған білікті мамандардың біріне айналды.

«Бүгінде елімізде ішкі істер саласына жан-жақты қолдау бар. Соңғы жылдары материальдық-техникалық базамыз айтарлықтай жақсарды. Жұмыста көш ілгерілеушілік байқалады. Жұмысты сапалы орындаса,нәтижесіне қарап, тоқсан сайын бірнеше жалақы көлемінде сыйақы да алып тұрамыз. Бұл жұмыс жасауға деген ынтаңды одан әрі арттырады. Мен өз жұмысымды жақсы көрем. Өз ісімнің үздігі болуға ұмтылам.Тәртіп сақшысы өз лауазымдық қызметін абыроймен атқарғаны дұрыс. Ол үшін үлкен жауапкершілік керек», - дейді тергеуші Әбдуәлиева.

Майор Әбдуәлиеваның ұстанымы - жауапкершілік пен жұмысқа деген адалдықтан таймау. Тергеуші болғасын сан алуан істерді қарайсың. Оның әрқайсысында адам тағдыры бар. Сондықтан, қызметке қалтқысыз беріліп, адал еңбек етсең ғана жетістікке жетесің. Олеся жұмысына деген тындырымдылығы мен тиянақтылығы арқасында өз қатарластары арасында құрмет пен беделге ие. Жұмыс көрсеткіштерінің нәтижесі рейтингі бойынша өз басқармасында облыс көлемінде екінші орында .

«Адамдар кейде шалыс қадам жасап, соңы қылмысқа апаратынын ойланбайды. Мәселен, менің тәжірибемде бір жайт болды. 27 жастағы қала тұрғыны қаржы пирамидасын ойлап тауып, маркетинг жоспар құрып, ватсап желісі арқылы оны тұрғындарға жарнамалайды.Қаржы пирамидасына қатысушылар «Киви кошелок» арқылы ақшаларын аударып, ұтыстарын алып отырған. Бұл оңай жолмен келетін ақшаға қызығушылық танытқандар қатары көп болған. Бір айға жетпес уақыт ішінде оңай олжаға кенеліп пайда тапқандар да болған. Алайда, 2017 жылдың қаңтар айының соңында 30 шақты адам полицияға шағым түсірген. Олар ақшаларын қайтаруды талап етіп, 27 жастағы тұрғынның үстінен шағымданған. Үш баласы бар жас анаға қатысты сот үкімі шықты.Әрине, бір жағынан адамдар еш тер төкпестен оңай ақша таппақ болған.Қазақстанның әр қаласынан осы ойынға қатысып, ақшасын пирамидаға салған 100-ден астам адам бар.Бұл соңғы кездері пайда болған қылмысты әрекеттердің бірі деп ойлаймын», - дейді тергеуші Олеся Әбдуәлиева.

IMG-20180110-WA0001.jpg

«Полиция майоры Олеся Әбдуәлиеваның еңбегі еленіп, ҚР Ішкі Істер Министрлігінің құрмет грамотасы және Ақтөбе облыстық ІІД бастығы М. Әбісатовтың алғыс хатымен де марапатталған. Бүгінде ішкі істер саласына жас мамандар келіп жатыр. Оларға өз тәжірибесімен бөлісіп, білгенін айтып, жол көрсетіп тұрады», - деп түйіндеді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметкері Нұргүл Қонақбаева.

Свежие новости