Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Ақтөбелік тәртіп сақшысы қоян-қолтық ұрыстан турнир жеңімпазы атанды

Ақтөбелік тәртіп сақшысы қоян-қолтық ұрыстан турнир жеңімпазы атанды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

ҚР Тұңғыш Перзиденті күні қарсаңында Астанада 4-ші ашық республикалық турнир өтті, деп мәлімдейді patrul.kz.

Жарысқа күштік құрылымдардың 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 95 келі салмақ дәрежелері бойынша құрама командаларының мүшелері қатысты. Ақтөбелік полицей Айдын Төлепбаев 75-келі салмақ дәрежесі бойынша өз қатарластарынан озық шығып, бірінші орын иеленді. Бұл полиция лейтенантының алғашқы медалі емес. Осыған дейін де талай мәрте ел намысын қорғап, көк туымызды биікке көтеріп, жеңіс тұғырынан көріне білді.

Биыл Қарағандыда өткен құқық қорғау қызметкерлері арасындағы қоян-қолтық күрестен чемпионатта жеңімпаз атанған болатын. Сонымен қатар Тәжікстанда өткен Азия чемпионатында да өз салмақ дәреждесінде алтын медаль иеленді.

фото шынгыс шокпутов.jpg

«2016 жылы Айдын Төлепбаев Қазақстан чемпионы атанды. Жарыс Шымкент қаласында өткен болатын. Сонымен қатар ол үстіміздегі жылы Минск қаласындағы қоян-қолтық ұрыстан 4-ші Еуропа чемпионтының қола жүлдегері атанды.

2015 жылы ҚР Бас әскери қолбасшысының кубогі үшін ерлер арасында өткен күресте қола жүлдегер болған еді. Міне, ол екінші жыл қатарынан ҚР Бас әскери қолбасшысы кубогінің 2-ші мәрте жеңімпазы болды. Бүгінде Айдын 2019 жылы мамыр айында Санкт-Петербургте өтетін Қоян қолтық күрестен Әлем чемпионатына дайындық үстінде», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі.

Свежие новости