Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Ақтөбелік тәртіп сақшысы мерекелік медальмен марапатталды

Ақтөбелік тәртіп сақшысы мерекелік медальмен марапатталды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Тәжік-ауған шекарасына қазақстандық бітімгерлік батальонының кіргеніне биыл 25-жыл, деп хабарлайды patrul.kz.

Серік Қолғанатов Астанада ауған-тәжік шекарасында қаза тапқан қазақстандық сарбаздарды еске алуға арналған салтанатты шараға қатысып, ерлікпен қаза болған сарбаздар рухына тағзым етті.

«Түннің ортасында шекара бұзып өтпек болған бүлікшілерге тосқауыл қоймақ болып, жолдастарыммен бірге жедел қимылдап, қырағылық таныттық . Сол үшін «Үздік шекарашы» деген төс белгісі және құрмет грамоталарымен марапатталдық. Біздің ротадан адам шығыны болған жоқ. Елге аман оралдық», - дейді Серік Қолғанатов.

Серік Сейітжанұлы әскери міндетін атқарған жылдары 13-ші рота құрамында тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысып, Отан алдындағы парызын өтеген.

«Ақтөбе облысында вталмыш соғысқа қатысқан 250-ге жуық ардагер бар. ҚР тәжік-ауған ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі құрылған. Бірлестіктің жастар қанаты да бар. Ақтөбеліктер 6655 және 23238-ші әскери бөлімдермен тығыз байланыста жұмыс жасап, көптеген патриоттық бағыттағы іc-шараларды ұйымдастырып жүр. Ақтөбедегі мүмкіндігі шектеулі балалар арасында да түрлі сайыстар өткізіп, мектеп оқушылары мен студенттер арасында әскери-патриоттық шараларды жиі өткізуде», - деді полиция майоры Серік Қолғанатов.

Свежие новости