Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Ақтөбелік сақшы Еуропа Чемпионатына қатысады

Ақтөбелік сақшы Еуропа Чемпионатына қатысады

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Полицей Айдын Төлепбаев республикада өткізілген жекпе-жек сайысынан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды patrul.kz.

Еске салсақ, жуырда Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысы ұйымдастырылған болатын. Ал жеңімпазға арналған басты сыйлық - Қазақстан Республикасының кубогы болатын.

Аталмыш сайыс Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында өтті. Бұл байқауға республиканың әр өңірінен келген 180 спортшы қатысып, 17 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

Айдын Төлепбаев ішкі істер органдары саласына 2013 жылы келген. Алғашында жол патрульдік полициясында инспектор болып, кейін жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамына қызметке ауысқан.

IMG-20180312-WA0038 (1).jpg

«Бала кезімнен спортпен айналысамын. Бұл менің бірінші жарысым емес. Өткен жылы ҚР Жоғары Бас Қолбасшысының Кубогіне қатысып, 75 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанғанмын. Күніне екі мезгіл жаттығамын. Ендігі мақсатым - Еуропа Чемпионаты, одан әрі Әлем кубогына қатысу», - дейді жас тәртіп сақшысы, спортшы Айдын Төлепбаев.

Сайыс қортындысы бойынша Айдын Төлепбаев ҚР спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль, кубоктарымен марапатталды.

Енді Ақтөбелік полицей кубок жеңімпаздарымен бірге Минск қаласында өтетін Еуропа Чемпионатына жолдама алды.

Свежие новости