Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Сыйластық пен жарастық орнаған отбасы

Сыйластық пен жарастық орнаған отбасы

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жауапкершілігі мол полиция қызметінде бір үйдің отағасы мен отанасы бірлесіп еңбек етуде, деп хабарлайды patrul.kz.

Аюпхан Исмайлов Орал қаласы полиция басқармасының жауапты қызметкерлерінің бірі. Ішкі істер саласына 2009 жылы қызметке қабылданған Аюпхан Болатұлының алғашқы еңбек жолы жол-патрульдік полиция батальонынан бастаған. Үнемі тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын, әрі жол үстіндегі апаттардың орын алмауын назардан тыс қалдырмайтын, баталонның ыстығы мен суығына төзген кейіпкеріміз зор беделге ие болды. Ол қаланың әр ауданын аралап, тұрғындардың тыныш ұйқысын күзетті. Тәулік ішінде әкімшілік хаттамалар толтырып, кінәлі жүргізушілерді анықтады. Жол үстіндегі жарақатталған азаматардың баршасына өзі медициналық жәрдем шақырып, алғашқы көмектер көрсетті.

Бірнеше баланың, ата-аналарының өміріне араша болып, алғыстарына ие болды.

87246f58-8066-4020-b6ba-c08a58326e65 - копия.JPG

Салмақты қалпынан таймайтын Аюпхан Болатұлы бүгінгі күні полиция аға сержанты шенімен айдауылдау взводында қызметін атқаруда. Алдағы жылы ішкі істер саласында еңбек еткеніне мерейлі он жыл толады. Сақшы өзіне жүктелген тапсырмаларды мінсіз атқарып, қызметіндегі сауаттылығы мен қырағылығы үшін БҚО ПД және Орал қ.ПБ бастықтары атынан бірнеше алғыс хаттарға ие болды.

Тарихқа көз жүгіртсек, Аюпхан шырайлы Шымкент қаласының тумасы екен. Алматы қаласында әскери қызметін атқарған ол Орал қаласына келіп, ішкі істер органына қызметке орналасып, қайнаған еңбек ортасына араласып кеткен. Аюпхан Болатұлының жұбайы Айгүл Кариомоллақызы да Орал қаласы полиция басқармасының беделді қызметкері. Полиция аға лейтенанты шеніндегі Айгүл, тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымында. Алғашқы еңбек жолы 2008 жылдан бастау алған.

b782c6b8-40d2-4720-9858-aab50086cea0 - копия.JPG

«Өзім Сырым ауданында туып өстім. Қалауыммен ішкі істер саласына қызметке орналасып, күні бүгінге дейін еңбек етіп келемін. Өмірлік серігім отбасындағы үш баланың ортаншысы. Екеуміз де полиция саласының қиындығына төзіп, аса шыдамдылық танытып, еңбек етудеміз. Қайыненем аға медбике, қайынатам мұғалім қызметінде. Менің мақсатым отбасында жар және ана болу, ал қызметімде офицер болып сеніп тапсырылған қызметті мүлтіксіз атқару. Денің сау жүрсе, бар қиындыққа төтеп беріп, қызмет етуге болады», - дейді Айгүл Каримоллақызы.

Исмаиловтар отбасында Кәусар есімді бүлдіршін өсіп келеді. Бірінші сынып оқушысы оқу озаты, мектебінің мақтанышы, есепке жүйрік. Аталмыш отбасы

қыс уақытында сырғанақ теуіп, таза ауада серуендегенді ұнатады. Жексенбіде боулинге барып, демалады.

«Исмаиловтар отбасына амандық пен жақсылықтар тілейміз. Алдағы уақытта да ішкі істер органдарындағы қызметінде толағай табысқа кенеліп, егеменді еліміздің игілігіне арналған күрделі де құрметті еңбекте биіктен көрініп, жетістіктерге жете беріңіздер», - деп жеткізді Орал қаласы полиция басқармасы баспасөз қызметі.

Свежие новости