Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Спортты жанына серік еткен жас тәртіп сақшысы

Спортты жанына серік еткен жас тәртіп сақшысы

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

«Жастар жылына» орай Ақтөбе облысы полиция департаментінде ізгі бастамалар қолға алынды, деп хабарлайды patrul.kz.

Нұрлан Мұқашевтың жас та болса спортта қол жеткен жетістіктері біраз. Ол Ойыл ауданы полиция бөлімінің жергілікіті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы қызметін атқаруда.

ойыл 6 (1).jpg

Волейболдан Ақтөбе облысы Полиция департаменті командасының мүшесі. Ақтөбе облысында ұйымдастырылған «Ақбидай» спорттық ойындарына 2013, 2014 және 2018 жылдары Ойыл ауданы құрама командасының мүшесі ретінде қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Нұрлан 2013-2014 жылдары Шымкент пен Өскеменде волейболдан өткен республикалық чемпионаттарға Ақтөбе атынан қатысып, команданың жүлделі орыдар алуына септігін тигізді. 2014 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен Қостанайда өткен волейболдан жарысқа қатысты.

фото ойыл 4.jpg

«Нұрлан ішкі істер органдарында еңбек жолын 2014 жылы бастады. Әскерде борышын өтеп, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің құқықтану факультетін бітірді. Аудандағы мектеп оқушыларымен жұмыс жасайды. Оның учаскесінде өрескел тәртіп бұзушылықтар жоқ. Полиция капитаны Нұрлан Мұқашев өз ісіне деген ұқыптылығымен көзге түседі. Біз оған үлкен үміт артамыз» - дейді аға буын өкілдері.

«Бүгінде елімізде қоғамда жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар көпшілікті алаңдатыны белгілі. Осы орайда жасөспірімдерге дұрыс жол сілтеу, ата-анамен, мектеп мұғалімдерімен бірлесе жұмыс істеу өте маңызды. Мектеп инспекторларының жұмысы бүгінде аса жауапкершілікті талап етеді. Мен үшін ең бастысы - қызметімді адал атқару, талапшыл болу, жасөспірімдермен тіл табысу. Спорт адамды ұстамдылыққа тәрбиелейді. Жан-жақты дамыған, білімді, білікті. Адамгершілікті ту ететін жастарымыздың қатары көбейе берсін. Мен өзіме артылған снімді ақтауда ең алдымен әділеттілікті, патриотизмді, абыроймен еңбе етуде негізгі ұстанымым деп санаймын», - дейді жас тәртіп сақшысы Нұрлан Мұқшаев.

Свежие новости