Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Сотталғандар жұмысқа тұра алады. СУРЕТ

Сотталғандар жұмысқа тұра алады. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы облысының кәсіпкерлері түзету мекемелерінде бос тұрған ғимараттарды көрді, деп хабарлайды patrul.kz.

Кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында Алматы облысы Заречный ауылында орналасқан ЛА-155/12 мекемесіне бір топ кәсіпкерлер келді. Олар бос тұрған өндіріс үй-жайларын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Айта кетсек, Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару Кодексінің 19 тарауы бойынша «Бас бостандығынан айырылған сотталғандарды техникалық қызмет пен кәсіби білім беру», сондай-ақ, сотталғандарды еңбекпен қамтуға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл жердегі басты мақсат – жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту.

DSC_0541.JPG

Индустриялық аймақ аумағында бір қабатты өндірістік цех орналасқан. Оның ауданы жалпы 475 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 2017 жылдан бастап РГП тарапынан ешқандай шаралар қабылданбаған соң тоқтатылған.

Сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету процесі қызметкерлердің біліктілік деңгейімен тікелей байланысты. Бүгінде барлық түрмелерде кәсіби дағдылары мен мамандықтары бар сотталғандарды алуға ерекше көңіл бөлінеді. Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департментіне қарасты мекемелерде сотталғандар кәсіби даярлау мен білімдерін арттыру бойынша даярланады.

DSC_0542.JPG

«Бүгінгі таңда сотталғандар арасында орташа санақпен 827 адамды құрап отыр. Оның ішінде ақылы жұмысқа шығару бойынша – 159 адам. Қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындарында – 25. Тұрмыстық қызмет көрсету персоналы – 133 және басқа жұмыс орындарында - 1. Ақылы жұмысқа алудың нақты жарамды саны 45.2 пыйызды құрады», - деп мәлімдейді Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/12 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Жанна Джапашева.

DSC_0544.JPG

Жазасын өтеушілер өз кезетерінде аталмыш мекемелердегі кәсіпорындарында жұмыс жасап тіпті түрмеден босатылғаннан кейін де жұмыстарын жалғастыра алуға мүмкіндіктері бар.

Барлық объектілерді көріп шыққан кәсіпкерлер Алматы облысы Заречный ауылында орналасқан мекемелердің бастықтарымен кездесіп, барлық сұрақтарына жауаптарын алды.

DSC_0551.JPG

Свежие новости