Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Сотталғандар спорттық жарыстар мен шығармашылық жұмыстарда белсенділік танытты. СУРЕТ

Сотталғандар спорттық жарыстар мен шығармашылық жұмыстарда белсенділік танытты. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы облысында орналасқан ЕС-164/4 мекемесінде мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

1-желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» қарсаңында мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар, атап айтсақ: гір тасын көтеру, қолды тіреп бүгу, шахмат, шашки, қол күресі сияқты күрес түрлері өткізілді. Жоғарыда аталған жарыстардан топты жарып шыққан және іс-шараға белсене қатысқандардың басым көпшілігі ерекеше көзге түсті. Ал өткен мерекеге арналған тематикалық сурет салудан сотталған - Е. Строеваның суреті ерекшеленіп, бірінші орынға ие болды. Ал жазасын өтеп жатқан Б. Туреев ҚР Президенті күніне арнайы жазылған өлең шумақтарын оқып, патриоттық тақпақтармен басқа сотталғандарға да оң әсерін тигізген тәрізді.

IMG_20181201_091627.jpg

Жүлделі орын алған сотталғандарға мекеме бастығы Марат Арыстанов мырза марапат қағаздарын табыстаған болатын.

Пайдалы, әрі қызықты шараны ұйымдастыруға басты себепкер былай деп пікірін білдірді.

IMG-20181202-WA0007.jpg

«Біздің мақсатымыз - түзету мекемесіндегі сотталған азаматтардың спортқа, өмірге деген талпынысын, жалпы жеке адамның ой-өрісіне және адамның физикалық қасиеттері мен қабілеттерін арттыруға байланысты қамтылып отырған бірден-бір таптырмас іс-шаралардың түрлері болып табылады. Бұл ретте, өткізілген жарыстарға байланысты марапаттау қағаздары, оң дәрежелі көрсеткіштер мен арнайы сыйлық рәсімдері жүргізілді. Мекеме қабырғасында аталып өткен іс-шаралармен қатар, мерекелік түскі ас берілді» - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЕС-164/4 мекеме бастығы Марат Арыстанов.

IMG-20181202-WA0010.jpg

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы болашақ» атты бағдарламасында айтылғандай - сотталғандардың өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгерту, жанұя-шаңырақ құрып, әлеуметтік тұрмысын құрудағы күрделі, кең ауқымды жұмыстарды атқару. Осыған сәйкес, аталған мекеме ішіндегі сотталғандар мен бақылаушы-күзетшілер, аға офицерлер арасындағы қарым-қатынас, әділдік, әдептілік принциптері өте жоғары дәрежеде атқарылады.

IMG-20181202-WA0011.jpg

Алайда бес саусақ бірдей емес дейді қазақ халқым... жазасын өтеп отырған азаматтардың басым көпшілігі еңбектенудегі үрдістерін оң жағынан үздіксіз көрсетіп келуде. Мұндай өзгерістер әлбетте, қоғамға өз ықпалын тигізеді.

IMG-20181202-WA0012.jpg

Свежие новости