Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

СҚО ТЖД қызметкерлері: дұрысы - қазір әрекет жасау

СҚО ТЖД қызметкерлері: дұрысы - қазір әрекет жасау

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ағымдағы жылдың басынан СҚО-да 199 өрт тіркеліп, 53 млн. теңгеден астам залал әкелінді. Биыл өрттен 16 адам қаза болған, деп хабарлайды patrul.kz.

От пен су бір-бірімен қабыспайтын табиғи апат болып көрінгенімен, өмір тәжірибесінде оны теріске шығаратын кездер де баршылық. Елді-мекендерді су басу салдары өрттің шығуына да себепші болады. Су басу пештерге де зақым тигізері анық.

«Өрттердің шығуына отты абайсыз пайдалану, балалардың отпен ойнауы, пеш, газ және тұрмыстық электр аспаптарын бұзушылықпен қолдану, мас күйде төсекте темекі тарту, қолдан жасалған электр аспаптарын пайдалану жиі себеп болуда», - дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Егер тұрғын-үйге су басу қаупі төнбесе де, басқа да өрттің шығуына қатер туғызатын «көктемгі» себептер кездеседі. Үй мен қора-қопсы шатырларында тазаланбаған және жаңа ери бастаған қар жанғыш негіздерге бекітілген, ескірген сыртқы электр сымдарында қысқа тұйықталудың орын алуына себепкер болуы мүмкін. Егер шатыр тесіліп, су тамшылап жатса, шатыр іші мен бөлмелердегі электр жабдықтарына қатер тудырады.

Сондықтан меншіктегі аула, үй төбесіндегі, аула сыртын, нөсер суы ағатын арналарды қар мен мұздан тазарту судан ғана емес, оттан да қорғайтын болады. Жергілікті төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуы бойынша, дұрысы - қазір әрекет жасау қажет дейді.

Свежие новости