Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

СҚО тұрғындары өрттен 63-жастағы әйел мен екі баланы құтқарды

СҚО тұрғындары өрттен 63-жастағы әйел мен екі баланы құтқарды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Өрт Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Степное ауылының үйлерінің бірінде шыққан, деп хабарлайды patrul.kz.

Оқиға түскі уақытта алты пәтерлі тұрғын үйде болған. 30 жастағы Иван Котов өз ауласында шаруашылықпен айналысу кезінде көрші пәтердің есігінен шығып жатқан түтінді байқаған. Оқиға орнына дереу барған ол есікті ашып үй ішіне кірмек болған. Алайда, күшті және қою түтіннің салдарынан ер азамат үйдің ішіне кіре алмаған.

Ол жедел өрт сөндіру қызметінің пультіне қоңырау шалып, сол мезетте көршілерге хабарлаған.

Көмекке 37-жастағы Азамат Рамазанов жүгіріп келген. Терезені сындырған Иван пәтердің ішіне кіріп, түтін арасынан үй тұрғындарын іздей бастаған. Ол түтінге тұншығып жатқан ересек әйел адамды және жатын бөлмедегі кереует үстінен 2,3 жастағы екі кішкентай баланы көрген. Оттан жәбірленгендерді құтқарушылар кезек-кезек терезе арқылы таза ауаға шығарған.

Дәрігерлер 63-жасар әйелді тексеріп, денесін 1-3 дәрежедегі термикалық күйік шалу, травматикалық шошыну диагнозымен аудандық ауруханаға алып кеткен. Ал оның немерелерінің жағдайы дін аман.

«Өрттің шығу себебі - отпен абайсыз болу. Оттың алғашқы ошағы кіре-беріс бөлмедегі қабырғада тұрған кіржуғыш машинаның маңынан шыққан. Оттың қызуынан еріп одан улы түтін бөлінген, кейіннен өрт есік ойындысының ағаш конструкциясы арқылы жоғары көтеріліп, төбе жабындысына тараған», - деп мәлімдейді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт ауыл тұрғындары мен «Тухватуллин» ШҚ ерікті өрт сөндіру командасының күшімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Свежие новости