Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

СҚО полицейлері бизнесте бастау алғандарға көмек көрсетуде

СҚО полицейлері бизнесте бастау алғандарға көмек көрсетуде

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Пробация қызметінің есебінде тұрғандар шағын бизнесті бастауға мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды patrul.kz.

2018 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі жанындағы жедел кеңес шешімінің 5 тармағына сәйкес «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Президенттің «Шағын кредит беруді кеңейту» бастамасын іске асыру шеңберінде өз бизнесін дамыту мақсатында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың шағын кредит алуына жәрдем көрсетуге байланысты мәселелерді пысықтау тапсырылды.

СҚО бойынша ҚАЖД Айыртау ауданының ПҚБ қызметкерлерімен өз бизнесін дамыту мақсатында шағын несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

DzNixj8Y4Ts.jpg

2019 жылы СҚО Айыртау ауданының жұмыспен қамту орталығы арқылы СҚО Кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық филиалында бас бостандығын шектеу санаты бойынша пробация қызметінде есепте тұрған бір сотталған «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша одан әрі 250 000 теңге көлемінде несие немесе өтеусіз грант алу үшін оқудан өтті.

Осы бағыттағы сотталғандармен жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. 2019 жылдың екінші тоқсанына «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша оқыту 2019 жылдың маусымында өтетін болады.

«Қазіргі уақытта Айыртау ауданының ПҚБ есебінде тұрған сотталғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Несие алуға ниет білдірген тұлғалар Айыртау ауданының кәсіпкерлер палатасының филиалына жіберілетін болады», - деп мәлімдейді СҚО бойынша ҚАЖД Айыртау ауданының ПҚБ бастығы Манат Қабашев.

Свежие новости