Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

СҚО діни экстремизм мен террористтік ағымдарға қатысты кездесу өтті

СҚО діни экстремизм мен террористтік ағымдарға қатысты кездесу өтті

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

ҚІЖД әскерге шақырылғандар «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбындағы дәріске қатысты, деп хабарлайды patrul.kz.

СҚО ДIБ-ның «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің сарапшысы Данияр Айтмағанбет Қорғаныс істері бойынша Департаментінде әскерге шақырылғандармен «Жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алу»- тақырыбында дәрiс өткізді.

Кездесу барысында тыңдаушыларға мемлекетiмiздiң дiн саласында саясатындағы негiзгi құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды, Қазақстан Республикасында және Солтүстiк Қазақстан облысындағы дiни ахуалы жайында, дiн саласында қолданыстағы заң мен оны бұзған үшiн тартылалын жауапкершiлiк туралы, деструктивтi ағымдардың белгiлерi мен олармен жұмыс жасау туралы мәлiмет берiлдi, сонымен қатар дәсүрлi және дәстүрлi емес ислам мәселелерi қозғалды.

20181102_152335.jpg

Дәрiскер террористтiк ұйымдар өздерiнiң қылмыстық идеяларын дiнмен жамып қойып, оны кәпiрлермен қарулы соғысқа шақыру мағынасына айналдыратынын айтып кеттi. Алайда, дәстүрлi дiн — зорлық-зобмылыққа мүлде қарсы, адамгершiлiк пен адамсүйгiштiктi, бiрлiк пен татулықты насихаттап, адамдарды бiрлiкке шақырады.

Қазiргi кезде ҚР IIМ мен ХҚК әскерге шақырылатын жастардың экстремисттiк идеяларға және радикалды көзқарастарына деген бейiлдiлiгiн алдын ала зерттейдi. Дiни көзқарас қалыптассу кезiндегi материалдық жағдайдың әсерi, айналадағы қоғам мен отбасылық қарым-қатынастардың әсерiн зерттеп, алдын ала талдау жасау керек. Осындай iс-шаралар әскердегi қызмет қару-жарақ пен өқ-дәрiлерге қолжетiмдiлiгi болғандықтан қарастырылған.

20181102_153304.jpg

Маман болашақ сарбаздарды отаншылдыққа шақырып, мiндеттерiн жауапкершiлiкпен атқарып, әскери ортаға дiни экстремизм идеялары кiрiп кетуден сақтау үшiн барынша мұқият болудың маңыздылын айтып кеттi.

Сөзсiз, жастарды радикалды дiни идеологиядан сақтау мақсатында Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының жұмысы бұл бағытта жалғастырылады, сонда Отанымыздың қорғаушылары барынша мұқиятты, сақ болып, әр iсiн ойластырып, салмақтықпен қарайды.

Свежие новости