Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Әскери қызметкер Қарағанды облысында жолда қалған 30 адамды құтқарып қалды

Әскери қызметкер Қарағанды облысында жолда қалған  30 адамды құтқарып қалды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Қарағандылық әскери қызметкерінің игілікті іс жасағаны жайлы жұртқа Instagram әлеуметтік жүйесінен белгілі болды. Қарағанды қаласының парақшасында атын жасырып қалған белгісіз біреу офицердің адамдарды құтқарғаны туралы мәлімдеп, өзінің ризашылығын білдірген, деп хабарлайды patrul.kz.

Қарағанды қ. Октябрь ауданы Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Думан Бәкіров Қарқаралы қаласына кетіп бара жатқанда, тасжолдың ортасында тұрып қалған автобусты көрді. Тоқтағанда, жолаушылар көлігінде 30 адам бар екенін білді, соның ішінде әйелдер мен кішкентай балалар болған. Автобус «Шахтер» демалу зонасына бара жатып бұзылып қалған екен.

Туындаған жағдайды дұрыс бағалай отырып, ол өзінің жеңіл көлігінде бірнеше рейс жасаса да, адамдарды керекті жерге жеткізіп тастауды жөн көрді.

«Адамдарға қиын жағдайда қол ұшын бермеуге болмайды. Оның үстіне, аналар мен балалар жаурап отырғанда», - деді подполковник Бәкіров.

«Нағыз офицер» – деді ол туралы әлеуметтік желілердің пайдаланушылары. Былай қарағанда, қарапайым ғана жағдай - соншама жағымды пікір тудырды қоғам арасында.

Свежие новости