Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

ШҚО-сында полицейлерге тіл тигізген әйел сот алдында жауап берді

ШҚО-сында полицейлерге тіл тигізген әйел сот алдында жауап берді

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Полиция бөлімінде арызданушы мас әйел бұрыңғы күйеуінің оның телефонын ұрлап алғаны бойынша тергеу жүргізіп жатқан полицейлерге балағат сөз жаудырды, деп жеткізеді patrul.kz.

Өскемен қ. №2-сотында айыпталушы азаматшаға қатысты оның «Билік өкіліне міндеттемелерін орындау үстінде көпшілік алдында тіл тигізу» бабы бойынша қылмыстық іс қарастырылды.

Сотта анықталғандай, өткен жылдың қараша айында тәртіп сақшылары Ертіс аудандық полиция бөліміне ұялы телефонның ұрлану дерегі бойынша бір азаматша мен оның бұрыңғы күйеуін жеткізген болатын. Жәбірленуші болған әйел экс-жұбайын айыпты деп, үстінен арыз жазбақшы болған. Бола тұра, мас әйел аузына ерік беріп, полицейлерге балағат сөзбен тіл тигізді.

«Сот үкімімен бұрын-соңды сотты болмаған И. азаматшасы қылмыстық қылық жасағаны үшін айыпты болып танылды. Алайда, жеңілдетілген жағдайларды (шын көңілден өкінгенін және кішкентай балаларының барын) ескере отырып, оған 25 айлық есеп көрсеткіші, яғни 56 725 теңге көлемінде айып төлеу жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Өскемен қ. №2-сотының баспасөз қызметі.

Свежие новости