Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Өрт сөндірушілерге жол бермеген жүргізуші баласынан айырылып қала жаздады. БЕЙНЕЖАЗБА

Өрт сөндірушілерге жол бермеген жүргізуші баласынан айырылып қала жаздады. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері алып қала жолдарындағы қиыншылықтарға қарамастан, жанып жатқан үйден баланы құтқарып алуға үлгерді, деп жеткізеді patrul.kz.

Алматы ТЖД-інің Алмалы ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері барлық көлік иелерін жолдарда ұқыпты болуларын және арнайы көлік жүргізушілеріне ілтипат білдірулерін өтінеді. Қызыл-көк түсті белгілері қосылып, арнайы дыбыстық дабыл берген көлікті көре салысымен жүргізушілер оған жол берулері тиіс.

Өкінішке орай, көлік иелерінің бәрі бірдей бұл қағиданы ұстана бермейді. Бұл әрекеттерінің арнайы көліктің ТЖ орнына уақытылы келуіне кедергі болатынын және немқұрайлықтарының арты біреудің ажалына себеп болуы мүмкін екенін олар еш ойламайтын көрінеді.

1 (10).jpg

Сонымен қатар өрт сөндірушілер тағы бір кедергілерге кез болып жатады – бұл автокөліктердің қала көшелері мен тұрғын үйлерге апаратын жолдарды жауып тұрып алуы. Құтқарушыларға бұл жағдайда қойылған машиналардың арасымен өтуге амал іздеп, икемделуге тура келеді, сөйтіп, олар онсыз да тапшы уақытты жоғалтып алады.

1 (15).jpg

Осыған байланысты «Дорожный патруль» бірінші құқыққорғау сайты Алматы қаласы ТЖД-інің Алмалы ауданы бойынша ТЖ бөлімінің тапсырысымен жүргізушілердің жолдағы тәртібі және оның салдары туралы мәселелерді қозғайтын әлеуметтік бейнероликті дайындады.

1 (4).jpg

Осыған орай, автокөлік иелеріне тағы да ескерткіміз келеді: «Жүргізуші, жолда ұқыпты болыңыз! Арнайы көлікке жол беріңіз! Мүмкін, дәл осы сәтте өрт сөндірушілер Сіздің жақындарыңызға көмекке асығып бара жатқан болар!».

1 (6).jpg

1 (7).jpg

1 (8).jpg

1 (13).jpg

1 (11).jpg

1 (19).jpg

1 (21).jpg

1 (22).jpg

Свежие новости