Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Құрлық әскери институтының жауынгерлері лаңкестерге төтеп беруге дайын. БЕЙНЕЖАЗБА

Құрлық әскери институтының жауынгерлері лаңкестерге төтеп беруге дайын. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Желтоқсанның 4-і мен 9-ы аралығында жауынгерлердің арасында тактикалық-саптық дайындық жұмыстары өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

Әскери институттың кезекші пультіне «Шұғыл жиналу» бұйрығы келіп түскен. Осыған байланысты жеке құрам институт қабырғасында тура 06:00-де жиналды. Тәуліктің мезгілі мен ауа райына қарамайтын жауынгерлер сапқа тұрды. Әр буынның командирі қолбасшыдан тапсырмаларды алып, Алматы-Өскемен тас жолының бойында орналасқан АВОКУ полигонына жөнелді.

Бұл жерде орналасқан шатырларда өз ісінің мамандары шындыққа жақын жағдайда жұмыс істеді. Еске салсақ, басты назар жауынгерлердің уақытылы сапқа тұруына, тиесілі қару-жарақ пен киімдерді берулеріне, іс-қимылды айқындайтын құжаттар мен жоспар кестелерінің бақылануы мен пысықталуына бөлінген.

1 (1).jpg

«Тактикалық-саптық сабақтар жалғасуда. Құрлық әскери институтының жеке құрамы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жауынгерлік даярлық бойынша жұмыс жасады. Тексеріс мақсаты мен қабілеттілігі - жеке әскери құрамының қысқа мерзімде жауынгерлік әзірлікті орындап, қойылған міндеттерге кірісу болды», - деді Құрлық әскери институты оқу процесін қамтамасыз ету батальонының командирі Мәдияр Алпысбаев.

1 (9).jpg

Аталмыш кезең жаңа оқу жылында жоғарғы жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету апталығымен басталды. Алматы қаласында орналасқан Әскери институттың жеке құрамы алдымен батальондар мен кафедралар деңгейінде, кейін институт, ал содан соң әскер түрлері мен Қарулы күштер ауқымындағы міндеттемелерден өтті.

Жауынгерлердің және жедел басқару жүйесі қызметкерлерінің жұмысын жақсарту, хабарлама жүйелерін тексеру- өткізіліп отырған сабақтардың басты мақсаты болды.

1 (2).jpg

Оқыту және тәжірибе жинақтау барысында сайдың тасындай іріктелген офицерлер, сержанттар мен курсанттар кәсіби деңгейлерін шыңдай отырып, соғыс жағдайы мен лаңкестік оқиғалардың алдын алуға бейімделді.

Автор: Шапағат Куатбекова

1 (3).jpg

1 (5).jpg

1 (6).jpg

1 (7).jpg

1 (8).jpg

1 (10).jpg

1 (11).jpg

1 (12).jpg

Свежие новости