Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Алматы және Қапшағай гарнизондарын тексерді

ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Алматы және Қапшағай гарнизондарын тексерді

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Әскери ведомство басшысы Алматы және Қапшағай гарнизондарына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды patrul.kz.

Жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов 32363, ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты 61993 әскери бөлімдері бөлімшелерінің ағымдағы жыл бойынша қорытынды тексерістің ұйымдастырылу мен өткізілу барысын егжей-тегжейлі тексерді.

0B0A8880.JPG

Әскери бөлім командирлерінің баяндамаларын тыңдап, қорғаныс ведомствосының басшысы әскерлердің қорытынды тексерісін сапалы түрде өткізу, тексерулерді жүзеге асыру үшін тағайындалған лауазымды адамдардың жауапкершіліктерін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлық жоспарларын әрі қарай жетілдіру және егжей-тегжейлендіру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

0B0A8928.JPG

«Одан басқа, дәл сол күні «Іле» полигонында ведомство басшысы ҰҚШҰ-ның «Мызғымас бауырластық-2017» бірлескен бітімгершілік оқу-жаттығуының өткізілуіне оқу-жаттығу орталығының дайындығын тексеріп қайтты» деп мәлімдейді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

0B0A8940.JPG

Свежие новости