Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Президент күніне орай полицейлер министрдің құттықтау хатымен танысты

Президент күніне орай полицейлер министрдің құттықтау хатымен танысты

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Ақтау қаласы полиция басқармасының акт залында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды patrul.kz.

Іс-шара аясында басқарма қызметкерлерінің патриоттық сезімін көтеру мақсатында Мемлекеттік тудың шығарылуымен, басқарма қызметкерлерінің Мемлекеттік гимні орындалды.

Аталмыш кездесу барысында Ақтау қаласы ПБ бастығының орынбасары М. Садақбаев ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың жедел-құттықау хатын жеке құраммен таныстырды, сонымен қатар мерекелік бұйрықтар да оқылды.

8C695970-3D3E-4F4E-9241-94E07343651C.jpeg

Мемлекеттік қызметкерлер тек бұйрықтармен тынысып қоймай, «Ұлы даланың жеті қыры» атты хроникалық деректі фильмдерін тамашалады. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері көрме ұйымдастырып, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы Ел Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін түсіндіру мақсатында «Ел бағына туған ел» атты тақырыпқа дәріс оқыды. Елбасы қызметіне арналған кітаптарды кітапхана қызметкері Асия Досқалиева таныстырған болатын. Ал Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледж студенттері туған ел, Отан, туған жер туралы өлеңдері мен поэзияларын оқыды.

63A90D07-4854-44EC-A3D8-F629553CEF3E.jpeg

Свежие новости