Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Полиция майоры Қуандық Шандыбаев: Білікті кадр – бірегей қызметкер

Полиция майоры Қуандық Шандыбаев: Білікті кадр – бірегей қызметкер

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Полиция күніне орай арнайы сұхбат алынды, деп хабарлайды patrul.kz.

Қарағанды-Сұрыптау ст. желілік полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып жүрген полиция майоры Шандыбаев Қуандық Амангелдіұлымен Қазақстан полициясының құрылғанына 27 жыл толуына орай, мерейлі мереке қарсаңында Қазақстан полициясының бүгінгі келбеті және бөлімде атқарылып жатқан кадр саясаты жөнінде біраз сұхбаттасқан едік.

- Қуандық Амангелдіұлы, биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 27 жыл толып отыр. Бүгінгі күнде қарапайым халықтың полиция қызметкеріне деген көзқарасы қандай?

- Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 27 жыл толды. Әрине, бұл аз уақыт емес. Қандай сала болмасын оның өз қиындығы бар. Оның ішінде, полиция қызметкері болу оңай емес. Ол үшін шыдамдылық, төзім және мықты жігер қажет. Тез шешім қабылдау, жылдам әрекет ету, қырағылық пен шапшаңдық сынды қасиеттер әр полицейдің бойынан табылуы тиіс. Сондай-ақ, ол қарапайым халықпен тілдесе алатын өз ісінің шебері болуы қажет. Олай болса, осындай толып жатқан талаптардың үдесінен шығып жүрген полицейлердің еңбегін атап айтқанымыз дұрыс. Осы уақыт ішінде қарапайым халықтың полиция қызметкерлеріне деген көзқарасы жақсарды деп айта аламын. Көлік полицейлерінің ең басты міндеттерінің бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзушылықтың алдын алу, халықтың сенімін нығайту.

- Бөлімдегі штаттық құрылымға тоқталып өтсек. Мәселен, қазіргі таңда біраз жерлерде маман тапшылығы бар. Осы бағытта қандай жұмыстар жасалуда?

- Қарағанды-Сұрыптау ст. желілік полиция бөлімінің штаттық тіркелімінде 137 қызметкер бар, оның ішінде орта және аға басшылық құрамында – 85, кіші және қатардағы құрамда – 50, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер – 2 маман бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдар бойынша жиынтықтау жұмыстары ҚР ІІМ №870 бұйрығына сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, бос лауазымдарды жасақтау мақсатында жергілікті әскери бөліністерде әскер қатарында қызмет атқарып жаткан әскери қызметшілерді ішкі істер органына қызметке тарту турасындағы насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, кадр саясаты тобының қызметкерлері ҚР ІІМ Ұлттық Ұланы 5451 әскери бөлімі сарбаздарымен аталған бағытта кәсіби - бағдар жұмысын жүргізді. Білікті кадр – бірегей қызметкер десек дұры болар. Сондықтан, бос лауазымдарды жасақтауда білікті әрі білімді маманды алғанымыз дұрыс.

- Сіздіңше парасатты полиция қызметкері қандай болуы тиіс? Күнделікті қоғамдағы тәртіпті күзететін полиция қызметкерінің бейнесі қандай? Байқасаңыз соңғы уақытта полицейлердің қызметіне ғана емес, түр-тұлғасына да сын жиі айтылып жүр. Бұл турасында не айтар едіңіз?

- Ия, дұрыс айтасың. Сын да бар, айтылып та жүр. Полиция қызметкерін – халық қорғаны дейміз. Олай болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сақшылардың өздері әлжуаз болмауы керек. Сондықтан, біз полицияға үміткерлердің арасынан спортшыларды құшақ жая қарсы аламыз. Әрине, бұл - қатаң талап емес. Десек те, полиция қызметкерлері үшін қызмет пен спорт егіз ұғым. Бөлімде қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде. Атап айтсақ, бүгінде қоян-қолтық ұрыстан полиция сержанты Тлеуханова Айдана еліміздің екі дүркін чемпионы, спорт шебері. Сондай-ақ, полиция лейтенанты Салкенов Дидар грэпплингтен Қазақстанның 2 мәрте чемпионы. Полиция кіші сержанты Ерғанат Әбдікәрімовте күрестен жүлделі орынмен оралып жүр. Сонымен қатар, елге қызмет ететін жастың бойында қырағы мінез, сабыр, төзім, қайсарлық қажет деп ойлаймын. Осы қасиеттерді бойға сіңіргенде ғана елге қалтқысыз қызмет етуге болады.

- Көпшілікке мәлім, қазір сананы улап отырған «сыбайлас жемқорлық» деген ұғым бар. Осы мәселенің төңірегінде не айтар едіңіз?

- Біз Көліктегі полиция департаментінің 2018-2020 жылдарға арналған ҚР ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыруға барынша күш жұмылдырудамыз. Сонымен бірге, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» қабылданған заңдардың маңыздылығын бөлімнің жеке құрамы толықтай зерделеді. Жыл басынан бері 6 жас қызметкер Қарағанды-Сұрыптау ст. ЖПБ қызметке жаңадан қабылданды. Аталған жас полицейлерге сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдары, олардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар бойынша мағлұматтар толықтай берілуде. Алайда, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуді тек ішкі істер органының қызметкерлері ғана емес, барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

- «Еңбек түбі - зейнет» демекші, қазіргі полиция қызметкері кейінгі ардагер екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, ұжым басшылығы тарапынан ардагерлерге лайықты құрмет көрсетіліп жатыр ма?

- Әрине, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету басты парызымыз деп ойлаймын. Жыл басынан бері кадр саясаты жұмысы тобы атаулы мереке күндері қарт ардагерлеріміздің үйлеріне құттықтап барды. Нақты айтсақ, бүгінде 80-нен асқан Туркин Алексей Михайлович пен Губенко Евдокия Николаевна бар. Ұлы Жеңістің 74-жылдығына орай, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Әбдікәрімұлымен бірге тыл ардагерлерін арнайы барып, мерекелерімен құттықтап қайттық. Жыл сайын Қарағанды-Сұрыптау ст. желілік полиция бөлімінде ұзақ жыл қызмет атқарған қызметкерлердің зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты іс-шара өтеді. Жақында жедел қызмет саласында бірталай жыл қызмет атқарған 4 әріптесімізді зейнеткерікке шығарып салмақпыз. Олар теміржол мен әуе көлігі нысандарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту мен қылмыспен күресуде айтарлықтай еңбегі сіңген қызметкерлер.

- Мерейлі мерекеге орай, қазақстандық тәртіп сақшыларына тілегіңіз?

- Баршаңызды Қазақстан полициясының құрылғанына 27 жыл толуымен құттықтаймын. Тәртіп сақшыларының отбасыларына береке, бірлік, сәттілік тілеймін.

- Әңгімеңізге рахмет!

Свежие новости