Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Полицейлері «оқушы-әріптестерін» мерекемен құттықтады

Полицейлері «оқушы-әріптестерін» мерекемен құттықтады

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Тәртіп сақшылары Талдықорған қаласындағы кадет сыныбының тәлім алушыларын Жаңа жылдық сыйлықтар берді, деп хабарлайды patrul.kz.

Кадеттердің Жаңа жыл мерекесі облыс орталығындағы №18 Б. Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицейінде өтті. Іс-шараға Талдықорған қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының және №18 Б. Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицейлерінің кадеттері, олардың ата-аналары, ұстаздары және облыстық Полиция департаментінің басшылары қатысты. Тәртіп сақшылары «оқушы-әріптестерін» жаңа жылдарымен құттықтап, полиция генерал-майоры М.Ж. Ұрұмхановтың атынан балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылған болатын.

DSC_0049.JPG

«Жас полиция» жобасы барысында ашылған кадеттер сыныбы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Тәртіп сақшыларымен бірге әрдайым іс-шаралар өткізіп, өзге оқушыларға үлгі көрсетуде. ҚР Ішкі істер министрі биыл біздің оқушыларды қабылдап, кадет қозғалысына оң пікірін білдірді және тәлім алушылардың дағдысы мен дайындығына өте жоғары баға берді»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Айта кетейік, Алматы облысында негізі қаланған «Жас полиция» кадет қозғалысы сұранысқа сәйкес даму үстінде. Қазіргі таңда төрт жалпы білім беретін мектепте 5 кадет сыныбы жұмыс жасайды. Пилоттық жоба ретінде алғашқы кадет сыныбы былтыр Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №7 орта мектебінде ашылды.

1.jpg

«Дене бітімінің дұрыс қалыптасуымен қатар, еліміздің шынайы патриоты болуына ықпал ететін сыныпқа қазіргі таңда ата-аналар тарапынан сұраныс артып келеді. Осыған орай, облысымыздың басқа аудандарында да кадет сыныптарын ашу жоспарымызда бар. Ең алдымен, Үшарал және Қапшағай қалаларында ашылуы мүмкін»,- деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Мерекелік іс-шара соңында кадеттер ән мен күйден шашу шашып, алғыстарын білдірді.

Свежие новости