Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Полицейлердің тәртіптері қатаң бақылауда. СУРЕТ

Полицейлердің тәртіптері қатаң бақылауда. СУРЕТ

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Маңғыстау облысы ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды patrul.kz.

Күн тәртібінде жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері тарапынан жіберілген тәртіп пен заң бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы фактілер талқыланған болатын.

IMG_0500 (1).JPG

Жиналыс төрағасы Нағашыбай Жариев ПД жанындағы кезекті Консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысын ашық деп жариялай отырып, қатысушаларды өткен мерекелермен құттықтады. Дәл осы жерде аталмыш органның төрағасының орынбасары ретінде ҚР «Интертич» Медицина орталығының Маңғыстау филиалы бас директорының орынбасары Сағыныш Төралиев тағайындалды.

IMG_0506.JPG

«Консультативтік-кеңесші орган мүшелері ҚР ІІМ-нің жарлығымен Ішкі істер департаменті Полиция департаменті болып аталды. Елбасының халыққа Жолдауындағы полиция қызметкерлерінің келесі жылдан бастап кезектен тыс аттестациядан өтетін болады және олар республика бойынша 10 пайызға дейін қысқартылады», - деп айтты Маңғыстау обылысы ПД бастығының орынбасары Жұмағали Бөкен.

IMG_0515.JPG

Ал Маңғыстау облысының ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Сартаев, ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен атқарылған және атқарылып жатқан іс-шаралары жайында айтты. Айта кетсек, ағымдағы жылдың он айында ӨҚБ-мен 119 жедел-профилактикалық шаралар өткізілген.

IMG_0537 (1).JPG

«Шара соңында полицейлер күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, Маңғыстау облысының ПД қызметкерлері тарапынан тәртіп, заң бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында арнайы даярлық сабақтарын жүргізіп, ПБ, ҚАІІО қызметкерлерінің басшыларына қарамағындағы қызметкерлерге бақылауды күшейту қажеттігін жеткізіп, полиция қызметкерлерін негізсіз бейне камераға түсіру фактілерін зерделеп, шұғыл шешім қабылдауды шешті», - деп мәлімдейді Маңғыстау облысы Полиция Департаменті баспасөз қызметі.

Сурет: Маңғыстау облысы Полиция Департаменті баспасөз қызметі

Свежие новости