Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Полицейлер зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өткізді

Полицейлер зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өткізді

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Алматы қаласы Алатау АІІБ-ның Жергілікті полиция қызметкерлері «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты семинар-кездесу өткізді, деп хабарлайды patrul.kz.

Кездесуге ұстаздар мен «Аналар үйінің» және «Родник» орталығының қызметкерлері, психологтар келді.

Бұл семинар-кездесудің басты тақырыбы кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы көрсетілетін зорлық-зомбылық төңірегінде болды.

Іс-шара барысында қаланың барлық аудандарында сондай-ақ түрлі мекемелер мен оқу орындарының қабырғаларында осы тақырыпқа байланысты арнайы семинар-лекциялар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

«Мұндай іс-шаралардың өткізілу мақсаты - әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын-алу мен отбасының қоғамдағы орнын нығайтуға бағытталғандығына қоғамның назарын аудару болып отыр. Кездесу барысында әркім аталған келеңсіз мәселелер жайында өз атқарған жұмыстары мен көзқарастарын ортаға салды. Мұнда түрлі пікірлер айтылып, ұсыныстар жасалынады», - деп мәлімдеді полицияда.

Свежие новости