Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Полицейлер ішкі істер органының ардагерін туған күнімен құттықтады

Полицейлер ішкі істер органының ардагерін туған күнімен құттықтады

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Аудандық полиция департаменті жетекшілері мен ардагерлер кеңесі Дауылбай Қарашаевты 81-жас, мерейлі күнімен құттықтады, деп хабарлайды patrul.kz.

81-жасқа толған ардагерге Ақтөбе облысы ПД бастығының орыбасарлары Абзал Шотанов пен Андрей Хайрулин және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин жүрекжарды лебіздерін білдірді. Сонымен қатар Дауылбай Қарашевтың жас буынды тәрбилеуге қосқан үлесін атап өтіп, оған зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ ғұмыр тіледі.

«Сіз бар ғұмырыңызды ел игілігіне арнадыңыз. Қазірдің өзінде еңбек демалысында жүргеніңізге қарамастан, қоғамдық өмірге белсене қатысып, еңбектен қол үзбей келесіз. Өскелең ұрпаққа өзіңіздің ағалық қамқорлық, ақыл-кеңесініңізді көрсетіп, үлгі болып жүрсіз. Сізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз», - деді Ақтөбе облысы полдиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Айдар Төкеев.

фото ветеран (2).JPG

Айта кетсек, Ақтөбе облысы полиция департаменті саласында Дауылбай Байзақұлы 30-жылдан астам тапжылмай еңбек етіп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіподақ саласын басқарған.

Бүгінде, ардагерлер кеңесінің белді мүшесі көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Адал еңбекпен құрметке бөленген ол 5 баласның әкесі, 12 немере мен 1 шөберенің атасы.

Свежие новости