Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Погондағы нәзік жандылардың үздігі!

Погондағы нәзік жандылардың үздігі!

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Татьяна ұжымда көпшілдігімен, өзін әрдайым өте көңілді ұстайтын жоғары қасиеттерімен даралана білді, деп хабарлайды patrul.kz.

8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ерлермен иық тірестіре қызмет атқарып, азаматтардың амандығы мен тыныштығы үшін еліне абыроймен тер төгіп жүрген Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарастыТараз қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчері Козлова Татьяна Станиславовнадайаруымыз жайлы сөз қозғауды жөн көріп отырмыз. Ол өрт сөндіру саласында 16 жылдан астам қызмет атқарып, әріптестері арасында өзінің адал еңбегімен көзге түсіп, абыройға бөленуде.

Иә, ерлер қауымымен тізе қоса жұмыс істеу кез-келген әйел адамның қолынан бермейтін, жауапкершілігі мен ауырлығы қатар жүретін іс екендігі белгілі. Дегенмен бойы күш пен жігерге толы, көзінің оты жанған белсенді әйелге ол кедергі болмақ емес. Татьяна қызметке орналасқан сәттен-ақ жұмыстың оңай емес екенін, әрбір түскен қоңыраудың арғы жағында адамдардың тағдыры жатқандығын ішкі түйсігімен сезіне білді.

Татьяна Станиславовна маңайындағы әріптестеріне әрдайым өзінің білген кеңесін айтудан бір жалыққан емес. Ол өзінің ақылдылығымен, білімділігімен тек әйелдердің ортасында ғана емес, ерлер қауымының алдында үлкен беделге ие. Ол әрдайым кезекшілікке түскен сайын қырағылық пен жауапкершілік секілді қасиеттерді әрдайым естен шығарған емес. Ол дегеніңіз өзінің қызметіне деген адалдығын аңғартқандай.

Өрт сөндіру саласында қызмет атқарған жылдары Татьяна түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды бастан өткерді. Сондай оқиғалардың бірі 2010 жылдың сәуірінде орын алған еді.

«Тараз қаласының тұрғындары арасында Киров су қоймасы жарылып, қаланы түгелдей су алады-мыс деген ақпарат тарап, азаматтар дүрбелеңге түскен шақ еді бұл» деп еске алады Татьяна өз естелігінде.

Мен дәл сол күні әріптесіммен бірге Өрт сөндіру байланысының орталық пунктінде тәуліктік кезешілікке түскен едім. Бір сәтке де дамыл таппаған телефон тұтқасының арғы жағынан үрей мен айқайға толы әрі жалбарына көмек сұраған жандардың дауысынан құлақ тұнатын. Әрине олардың әрқайсысына жағдайдың қалыпты әрі бақылауда екенінсабырмен түсіндіруге тырыстық. Тіпті тұрғындадың кейбірі өздігінен қаланы тастап, шұғыл қашып жатты – деп әңгімесін сабақтай түсті Татьяна. Тек өрт пен апат кезінде ғана емес, осындай жалған ақпарат тарағанда да тұрғындарға сөз көмегін көрсетіп, қала берді түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар мен өрттерде ғана емес, ақ түтек борандарда да жолда қалған азаматтарға да дер кезінде күштер мен құралдарды жөнелтіп, апат орнынан құтқаруға өз үлесін қосып келеді. Міне Татьяна бүгінде өзінің екінші отбасына айналған кезекшілік қарауылымен жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші бір жеңнен бас, бір жағадан қол шығара еңбек етуде.

Ал үй табалдырығын аттаған сәттене бастап, ұл-қыздарының сүйікті анасына айнала білетін ол қазіргі таңда екі қыз бен бір ұл өсіріп отырған ұлағатты ана. Үлкен қызы - Роксана Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетін тәмамдап, бастауыш сыныптарға ұстаздық етуде. Ал ортаншы қызы Камила аталған оқу орнының 4-курс білімгері. Сондай-ақ Татьяна Станиславовна балалар үйінен өз тәрбиесіне алған Игорь 4-сыныпта үздік оқушылардың қатарында. Ол қазіргі уақытта спортпен белсенді айналысып, болашақта өзін от жауынгерінің қатарында елестетеді. Жалпы Татьяна жұмыста да белсенді, бала тәрбиесіне де үлкен ыждаһатпен көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар көздің жауын алатындай әсем гүлдерді баптап өсірумен де айналысқанды жаны сүйетін азаматша. Ол өзінің мінсіз қызметі барысында ІІ жәнеІІІ дәрежелі «Өртке қарсы органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен және «Өрт күзетіне 100 жыл» мерекелік маделімен марапатталған.

«Әрбір әйел азаматы жайлы том-том кітап жазса да артықтық етпейді. Қай мамандықта болмасын әйел адамдардың орны ерекше. Олар ең алдымен елі арқа сүйейтін ұл-қыздарды дүниеге әкелетін ана. Ал әр алыптың артында аналардың тұратыны белгілі. әйелдер әрдайым ер азаматқа серік болып, шаңыраққа жылу сыйлаудан шаршаған емес. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті барша әйелдер қауымын келе жатқан 8-Наурыз мерекелерімен құттықтап, әйел бақытын тілеп, әрбір шаңырақ бақ-берекеден арылмаса екен деп тілейді. Ал нәзік жандыларға ер азаматтар әрдайым сүйеу болып, тек балалардың бақытқа толы үні естілетін болсын», -деді Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Свежие новости