Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Павлодарда жергілікті мешітте «мал тауып жүрген» қалта ұрысы ұсталды

Павлодарда жергілікті мешітте «мал тауып жүрген» қалта ұрысы ұсталды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Павлодар полициясына қала мешіттерінің біріне келіп жүретін екі кісі шағымданды. Олар белгісіз біреулердің гардеробтағы киімдерінің қалталарынан ақша мен банк карталарын және басқа да құнды заттарын жымқырып алғандары жайлы хабарлады, деп жеткізеді patrul.kz.

Бір жәбірленушінің айтуынша, қаскөй оның мешіттің кіреберісіне іліп қойған курткасының қалтасынан 60 мың теңгедей ақшасы мен құжаттары бар былғары әмиәнын ұрлап кеткен. Бірнеше күннен кейін тағы бір адам полицияға келіп, осы іспеттес арыз жазған. Бұнда ол кімдебіреудің мешіт ішінде оның қол сөмкесін қолды қылып кеткенін хабарлады. Ішінде, оның айтуынша, 15 000 теңгесі болған екен.

«Жедел іздестіру шаралар барысында жедел уәкілдер күдікті болған 1994 жылы туған Павлодар облысының тумасын қолға түсірді. Жас жігіт өзінің кінәсін толығымен мойындап, өкінгенін білдірді.

Тергеу барысында күдіктінің мешіт ішіне кіріп, жәбірленушілердің кіреберісте қалдырған жоғары киімдерінің қалталарын үптеп, байқатпай ізін суытып жүрген. Полицейлер оның енді облыстық орталықтарында болған ұқсас қылмыстарына қатысы бар-жоғын тексеруде», - деп мәлімдеді аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

Бұл іс бойыша ҚР ҚК 188-бабына сай («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тәртіп сақшылары адамдардың қомақты шығынға ұшырамау үшін өздерімен бірге қажет болмаған жерлерде артық ақшаны және қымбат әшекейлер мен құжат, кілттерді алып жүрмеуі керектігін ескертті. Сонымен қатар олар қылмыстың тез әрі сәтті ашылуында азаматтардың полицияға уақытылы хабарласуларының маңызы зор екенін де айтып кетті.

Свежие новости