Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Жергілікті полиция қызметкерлері мен ТЖ басқармсасыың өкілдері кездесті, деп хабарлайды patrul.kz.

Павлодар облысы полиция Департаменті жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе Ертіс өзені жағасынан жер телімдерін жалға алып отырған шару қожалықтарының басшыларымен өрт қауіпсіздігі мәселесі жөнінде кездесті.

Облыс ЖПҚБ бастығы Қаиров Жасқайрат өз сөзінде құрғақ шөптерді өз беттерімен өртеу жұмыстарын өз беттерінше жүзеге асырмау керектігін, сондай-ақ ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылу туралы ескертіп өтті.

Ертіс өзені алқабында құрғақ шөпті өртеуге қатаң тыйым салынатынын Павлодар қаласы бойынша ТЖБ бастығы жариялады. Өртеу қажет болған жағдайда бұл мәселені облыс ТЖД, сонымен қатар жергілікті атқару органдардың келісімін алу қажеттілігін атап өтті.

«Өрт және оның салдарынан туындайтын жағдайларды қалыпқа келтіру мақсатында осындай кездесулер облыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша қажетті профилактикалық шаралардың бірі болып табылады. Өткен жылдан қалған құрғақ шөпті өртеуде абайсыздық таныту қиындықтар туғызу мүмкін екенін естен шығармаңыздар!», - деп мәлімдейді Павлодар облысы полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Сурет: Павлодар облысы полиция Департаментінің баспасөз қызметі

Свежие новости