Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Оралдық жауынгерлер екі әйелге шабуыл жасаған ер адамды ұстады

Оралдық жауынгерлер екі әйелге  шабуыл жасаған ер адамды ұстады

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері екі әйелге шабуыл жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды patrul.kz.

Оқиға сағат 22.30 шамасында орын алды. «Солтүстік-шығыс-2» шағын ауданында көшеде күзетте жүрген, құрамында қатардағы жауынгерлер, топ басшысы Эльдар Фазылов, Нұрпейіс Қабиев және Қажымұқан Мұңайтпашов бар 5517-әскери бөлім жауынгерлеріне қорыққан балалы әйел жүгіріп келеді. Ол өзіне азиат пішіндес ер адамның мас күйінде шабуыл жасағанын айтады.

Ол қашып кеткеннен кейін әлгі адам тағы бір әйелге тап береді. Ұлттық ұлан жауынгерлері Циолковский көшесіндегі оқиға болған жерге жеткенде, ер адамның жерде жатқан әйелді теуіп жатқанын көреді. Сол бойда оның қарсыласқанына қарамай, қолын қайырып, ұстайды. Әйел өзіне шабуыл жасаған адамды бұрын білмейтінін жеткізді. Ол балағаттап, қарға жығып салып, тепкілеген. Оң жақ иығын ауырсынған әйел жарақат пунктіне жүгінді.

Әскери топ басшысы Э.Фазыловтың айтуынша, ұсталған 1982 жылғы тұрғын Маңғыстау облысында туған болып шықты. Мас күйінде болған ол қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Свежие новости