Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

ОҚО-да ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап жүрген 31-жасар күдікті ұсталды

ОҚО-да ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап жүрген 31-жасар күдікті ұсталды

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Мақтарал АІІБ қызметкерлері Жетісай қаласындағы ұрлық мен тонауға күдікті әйелді құрықтады, деп хабарлайды patrul.kz.

Ұсталған әйел 67-жастағы жергілікті тұрғынның үйіне терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы миллион теңгеден астам ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Ал, бір аптадан кейін күдікті аула арқылы тағы бір жәбірленушінің үйіне кіріп, сейфтен жалпы сомасы 3 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарын қолды қылған.

Аталған жайт Мақтарал АІІБ-ның «ұрлық» және «тонау» бабымен СДТБТ-не тіркелді.

2 (26).JPG

Мақтарал полицейлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында жергілікті тұрғынын күдіктіні ұстады. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері ұрланған мүліктің бір бөлігін тәркіледі. Қазіргі таңда 31-жастағы әйелдің кішкентай балдары бар екенін ескеріп, сот қылмыскерді шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға сақ болуға және өз үйлеріңізді қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Пәтер ұрлығы мен, тонау жайттарының құрбаны болмас үшін, үйге темір торлар мен сенімді есік, сонымен қатар күзет дабылын орнату қажет.

3 (18).JPG

Егер де Сіз осындай қылмыстардың құрбаны болсаңыз, тез арада «102» нөміріне полицияға хабар беріңіз.

Свежие новости